Жаңалықтар

Жаңалықтар


05.12.2012 Адам ресурстарын дамыту бойынша конференция өтеді

7-8 желтоқсанында 2012 жылы сағат 10:00-де экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен (№201 ауд.) «Ғаламдану жағдайындағы адам ресурстарын дамыту алғышарттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.


05.12.2012 Тұңғыш Президент күніне арнап дөңгелек үстел өткізді

Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» күніне арнап 2012 жыл қарашаның 30 жұлдызында «Елбасы және тәуелсіздік» атты дөңгелек үстелін өткізді.


05.12.2012 «Ең үздік шығарма» байқауының жеңімпаздары анықталды

26 қарашада 2012 жылы Қазақ КСР-і Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, А.А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы", 3-дәрежелі "Даңқ" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы жазушының шығармашылығы бойынша студенттер арасында ең үздік шығармаға байқауының қорытындысы жарияланды.


05.12.2012 «Open Faculty» жобасы тыңдармандарының назарына

8 желтоқсан сағат 11.00-де ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы ассоциациясының қолдауымен биология биотехнология факультетінің (Бас оқу ғимараты 6, 4-ші блок), үлкен акт залында «Open Faculty» жобасының тыңдармандарына лекция өтеді.


04.12.2012 Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік

6 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай №9 жатақханада «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты кафедра күнінің мерекелік іс-шарасын өткізеді. Келем деушілерге есік ашық!


30.11.2012 Ғылыми зерттеулер жүргізуге гранттық қаржыландыруға арналған байқау жарияланды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2013-2015 жылдарға ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға байқау өткізіледі.
Өтініштерге қойылатын талаптар ҚР БҒМ Ғылым комитетінің
www.scedu.kzсайтында орналасқан конкурстық құжаттамада көрсетілген. Өтініштер 2012 жылғы 29 желтоқсан 18-00 сағатға дейін 010000 Астана қаласы, Иманов көшесі, 13, 710 каб. мекен-жайында қабылданады.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтініштер даярлау бойынша сұрақтарға жауапты Ұлтық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы байланыс телефондары арқылы алуға болады: +7 (7172) 57-91-49, 57-91-53.


30.11.2012 Ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беруге ізденушілер жұмыстарын қабылдау басталды

Ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия 2013 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға жұмыстарды қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды.


29.11.2012 ҚазҰУ студенттері Елбасының мектебінде...

«Ел болашағы-жалынды жастар» мақсатында өткізген еліміздің «Тұңғыш Президенті» күніне орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзін-өзі басқару мектебінің көшбасшылары мен Тұңғыш Президентіміздің алғашқы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының ұстаздары және оқушыларымен кездесу өтті.


28.11.2012 Тұңғыш Президент күніне орай танымал тұлғалармен кездесу өтеді

29 қараша күні, сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өзін-өзі басқару мектебінің көшбасшылары Тұңғыш Президент күніне орай, Қарасай аудандық Абай атындағы орта мектепте танымал тұлғалармен кездесу ұйымдастырып отыр.


27.11.2012 Барманқұловтың өмірі мен қызметіне арналды

Биыл «қазақ телевизиясының корифейі» атанған, көрнекті ғалым, профессор, көсемсөзші, түркітанушы Марат Барманқұловтың 75 жылдық мерейтойы. сыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 27 қараша күні Журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Барманқұловтың оқулары аясында «М.Барманқұлов – Қазақстан телевизиялық журналистикасының теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаушы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.