- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Мемлекеттік сыйлықтың иегері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаевты ақтық сапарға шығарып салды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қоғамдық-консультативтік кеңес құрылып, алғашқы отырысын өткізді.

Көрнекті ғалым-педагог, мәдениеттанушы, философ, профессор Сәдуақас Темірбеков Қазақ ұлттық университеті философия бөлімінің 1954 жылғы түлектерінің бірі. Ардақты азамат қазақтың әйгілі философтары – Ағын Қасымжанов, Жабайхан Әбділдин, тұңғыш диссидент Мақмет Құлмағамбетпен бірге оқыды. Есімдері аталған халқымыздың біртуар, аяулы перзенттерінің әрқайсысының ұлт тарихындағы орны бөлек. Сәдуақас Темірбеков шын мәнінде халқымыздың зиялы тұлғасы, кемел ойшыл, абыз ақсақал, мәуелі бәйтерек, ұлт қайраткері еді.

Халқымызды ілім-білімге бағыттауға шексіз еңбек сіңірген Алаш арыстарының бірі, ағартушы әрі педагог Ахмет Байтұрсынов атамыз: «Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін бала қайдан шығар», – дегенді бекер айтпаған болар. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Қазақстандағы ең алғашқы университеттердің бірі, қара шаңырақ аталып келген Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің ұстаздары университеттегі барлық факультеттер мен мамандықтарға сабақ беріп, бәсекеге қабілетті білімді жастарды тәрбиелеп, олардың алға қарай ұмтылуына, ғылым мен білімге бейім болуына қосқан үлесі зор.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) өткен «Орталық Азия жоғары білім берудің келесі орталығы ретінде» атты халықаралық конференциясына қатысты.

Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан адамзат өркениеті алғашқы жасалған тас құралдан бастап, ең соңғы ғылым мен техника жетістіктерін және рухани мәдени байлық үлгілерін түгел қамтитыны белгілі. Орталық Азияның төріне орналасқан Қазақстанның кең-байтақ даласында ғаламдық өркениеттің барлық ескерткіштерін кездестіреміз.

Мектеп қабырғасында оқып-жетіліп, түлеп ұшатын уақыт таяғанда «болашағымды қай саламен байланыстырамын» деген сан қилы ой қиялымды жаулады. Дәл осы шақта балалық арманыма қанат бітіріп, ғұмырымды журналистикамен жалғауды жөн көрдім.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №26 (1893) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

(3-5 шілде, 2023 жыл)

Құрметті Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,
студенттері, магистрант-докторанттары!