- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Арина Алтухова Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды. Байрақты бәсекеге әлемнің 45 елінен 600 спортшы қатысуда.

Орталық Азиядағы корейтану мектебінің негізін қалаушы, тарих ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Герман Николаевич Ким 70 жылдық мерейтойын атап өтті.

Университеттің бас мұражайының экспозициясын Ұлы даланың тарихи жәдігері – "Алтын адамның" көшірмесі толықтырды.

Химия және химиялық технология факультетінің 2-курс «6B07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», 3-курс «6В07104 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша орыс және қазақ топтарының студенттері биылғы көктемгі семестрге жоспарланған өндірістік тәжірибесін Алматы облысының Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі, Көкөзек ауылында орналасқан «Келун-Қазфарм» ЖШС базасында өтті. Алғашқы күні студенттер өндірістің қауіпсіздік стандарттары және ережелерін сақтау жолдарымен танысты.

Шығармашылық тұлғаның, нағыз туындыгердің басты белгі-сипаты, меніңше, даралық. Шынайы өнер иесінің, мейлі, ол қылқалам шебері болсын, мейлі, оны дәулескер музыкант делік, мейлі, оны прозашы дейік, мейлі, оны керемет жыршы деп жариялайық, негізгі ерекшелігі, өрнегі мен төлтаңбасы сонадайдан мен мұндалап тұрғаны абзал.

Университетке келген соң, екі жылдан кейін «Qazaq universiteti» газетіне жауапты болып тағайындалдым. Әлемге әйгілі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің төл газетінің ол кезде пішімі А4, көлемі кейде 4, кейде 8 бет екен.

ҚазҰУ студенттері Күн энергиясын өндіруді бақылауға арналған VOLT бағдарламалық жүйесін әзірледі. Бұл стартап жоба Күннен алынатын энергияны арттыруға бағытталған.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №30 (1896) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

«Qazaq universiteti» газетінің шығу тарихы бірнеше кезеңді қамтиды. Алғаш университет басылымын журналистика факультетінің ұстаздары қолжазба, қабырға газеті форматында шығарғанын ұстазымыз, профессор Әбілфайыз Ыдырысов студенттерге жиі айтатын. Газеттің уақыт өте келе мазмұны, қалыбы мен қарымы өзгерді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры лауазымына экономика ғылымының докторы, доцент Жaмила Айтжанова тағайындалды.