- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Рединг университетінің Химия, өнімдер және фармация мектебінің профессоры Виталий Хуторянский Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Медицинадағы ақылды материалдар» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен және ұйымдастыруымен Түркияға тәжірибе алмасуға барған білім ордасының 50-ге жуық оқытушы-профессорлар құрамы мен жас ғалымдары Ақтеңіз университетіндегі тағылымдамадан кейін Жерорта теңізінің жағалауындағы Анталья қаласына саяхат жасады.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №41 (1865) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрсынбек Кәкішев атындағы дәрісханасында «Тәуелсіздік түлектері» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Оған белгілі ғалым-профессорлар, факультет түлектері мен білім алушы жастар қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Қазақстандағы CNPC Бас директоры Ли Юнхунмен кездесті. Жүздесуде тараптар ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс магистранты Данияр Дәулетия «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды. Байқауға 2900 үміткер өтініш білдіріп, олардың ішінен 33 жұмыс іріктеліп алынған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4-курс студенті Эльдар Шекербек Тайландта өткен «Oceanman – 2022» халықаралық жарысында 1-орынды жеңіп алды.

(12-15 желтоқсан, 2022 жыл)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен және ұйымдастыруымен білім ордасының 50-ге жуық оқытушы-профессорлар құрамы мен жас ғалымдары Түркияға тәжірибе алмасуға аттанды. Сапар аясында бүгін ҚазҰУ делегациясы Ақтеңіз университетіне барды.