Жаңалықтар

Жаңалықтар


01.11.2011 2-9 қараша аралығында Мәскеу мемлекеттік университетінің професоры В.Г Онипченко фитоцениология бойынша дәріс оқиды

2-9 қараша аралығында Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті биология факультетінің геоботаника кафедрасының профессоры Владимир Онипченко (Мәскеу, Ресей) «Фитоценология» курсы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті 10-аудиторияда дәріс оқиды.


01.11.2011 Хосио Университінің профессоры Хонг Ким cтуденттерге дәріс оқыды

«Зерттеу университеттерін қалыптастыру және олардың Қазақстан Республикасының инновациялық дамуына қосатын үлесі» форумнының мүшесі, Корея Республикасы жоғары білімінің көрнекті қайраткері, PhD докторы, Хосио Университінің профессоры Хонг Ким философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранттары мен PhD докторанттарына «Кәсіпкерлік және жаһандану» атты тақырыбында дәріс өткізді.


01.11.2011 Жұмыс берушілер кеңесінің үшінші мәжілісі өтті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «ЖОО студенттері мен оқытушыларының академиялық мобильдігі» сессия щеңберінде жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісін өткізді. Бұл мәжілісте өз презентацияларымен АҚШ, Жапония, Польша, Ресей елдерінен баяндамашылар, ҚазҰУ Жұмыс берушілер кеңесінің мүшелері шығып, GSM-Қазақстан, Аймақтық қаржы орталығы, Chevron, британдық түлектер клубы таныстырды.


31.10.2011 Байқауда студент өз қабілетін жетілдіруіне болады

Жұмысшылар кеңесінің кәсіпорындарының қызметімен танысуға мүмкіндік беретін бірнеше сатыдан тұратын сайысқа қатысушылырға «Ашық кафедра» жобасы ең күшті, дарынды студенттерді «Open Faculty Case Competition» байқауына өз күштерін сынап көруге шақырады.


30.10.2011 Азия-Тынық мұхиты қауіпсіздігі орталығының профессоры Рубенс Азизянмен кездесу өтті

29 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде Гонолулудағы (Гавайи) Азия-Тынық мұхиты қауіпсіздігі орталығының профессоры, диплома Рубенс Азизянмен кездесу өтті. Елші сағатының «Талейран» Дипломатиялық клубы ұйымдастырды.

Кездесу интерактивті қарым-қатынас түрінде өтті. Азизян студенттерге өз өмірбаянының кейбір қызықты сәттері туралы, әсіресе, Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқыған кезі жайлы айтып берді. Рубен Азизян армян, орыс, ағылшын және өте аз кездесетін сингал тілдерін еркін меңгерген. Оның дипломатиялық мансабының қалыптасуы студенттердің шын ықыласын тудырды. Азизян оқыған курстың барлық дерлік түлектері кейін дипломатияның шоқжұлдыздарына айналды, бұл орайда РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты айрықша атап өту қажет. Құрметті қонақ өзінің Қазақстанға деген ақ ниетін білдіріп, елімізге әрдайым зор қуанышпен келетінін айтты. Сондай-ақ, Орталық Азия елдерінің арасынан бірінші болып Женевадағы БҰҰ бөлімінің Бас директоры қызметіне тағайындалған Қасымжомарт Тоқаевты Қазақстанның өскелең ұрпағына үлгі қылды.


29.10.2011 Заңгерлер бас қосты

28 қазан күні Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізудің және криминалистиканың өзекті мәселелері» тақырыбындағы жоғары оқу орындарының арасындағы жылсайынғы студенттік ғылыми конференция өтті.

Ғылыми жиынды заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық істер жүргізу және криминалистика кафедрасы мен Қылмыстылықпен күрес жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.


29.10.2011 «Тәуелсіздік, тұр тапжылмай тағыңда»

28 қазан күні география факультетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік, тұр тапжылмай тағыңда» атты география факультеті студенттерінің қатысуымен факультет көлемінде байқау өткізілді. Тәуелсізідіктің мәні мен мазмұнын ашу және студенттерді ұлтжандылыққа, қаһармандылыққа тәрбиелеу байқаудың басты мақсаты болды. Байқауға «Көркемсөз оқу», «Өнер сайысы (ән, би)», «Қойылым» кезеңдерінен тұрды.

Байқауға «Сұңқар» (геодезия және картография, қазақ бөлімі); «Азаттық» (геодезия және картография, орыс бөлімі); «Алға КЗ» (кадастр, орыс бөлімі); «Жалын» (ғылыми география); «Тәуелсіздік ұшқыны» (ОБЖ); «Жасыл ел» (экология, қазақ бөлімі); «Болашақ» (метеорология, қазақ бөлімі); «Гидрологтар» (гидрология); «Береке» (туризм, қазақ бөлімі); «Бірлік» (геодезия және картография, орыс бөлімі); «Жас қыран» (метеорология, орыс бөлімі) атты 11 команда қатысты.


28.10.2011 ШҚО облысының әкімі Алматыда оқып жатқан шығысқазақстандық студенттермен кездесті

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы келіп Алматыдағы шығысқазақстандық студенттермен кездесті. Кездесуге келген қонақтар қатарында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов сонымен қатар, шығыс өңірінің тумалары бүгінде елімізге кеңінен танымал мәдениет және өнер қайраткерлері, ғалымдар, журналистер, әдебиет өкілдері, жазушылар мен басқа да зиялы қауым өкілдері бар. Мәселен, зиялы қауым демекші олардың қатарын Шерияздан Елеукенов, Бибігүл Төлгенова, Бауыржан Жақып, Майра Ілиясова, Толқын Забирова сында аты елімізге танымал топ бастап келді.

Шығыс делегациясына қарата айтқан сөзінде Білім және ғылым министрі: «Ұлы Абайдың, Шәкәрімнің елінен келген зиялы қауым бүгін арамызда. Облыс әкімінің бастамасымен Алматыда оқып жатқан шығысқазақстандық студенттермен кездесу өткізіліп отыр. Әкім өзі бастама танытып жастарға келуі үлкен тмаңыздылықты аңғартады. Бұл сапардың басты мақсаты «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтуге арналып отыр. Менің білуімше, Алматының жоғары оқу орындарында Шығыс Қазақстан облысынан келген төрт мыңнан аса студент маманданып жатса, бүгінгі кездесуге солардың арасындағы ең үздіктері саналатын төрт жүздейі келіп отыр деп сенемін», - деп атап өтті. Бұдан кейін Бақытжан Тұрсынұлы бір жыл ішінде отандық білім және ғылым кеңістігінде жасалынып жатқан іргелі істерге, қабылданған заңдарға тоқталды. Ал жастар аудиториясына қарағайдай болып келіп отырған шығыстың шынарларына қарап қабілетті маман, ел сенімін ақтар үлкен азамат болуларын тіледі. Шығыс топырағынан шыққан майталмандарды атап, сол аға буынға қарап өздерін дамыту түсуді, бүгінгі кездесуде әдейі мақтаныш ретінде шақырып отырған жерлестерін үлгі етуді айтты. Сонымен бірге жас ұрпақ тәрбиесіне, біліміне үлкен мән беріп отырған әкімнің ісіне құрмет танытты. «Шығыс елі зиялы қауымға бай өңір. Ол киелі топырақтан түлеген, сендер де, оңтүстік өңірінде тек көшбасшылық таныта беріңдер», - деген лебізімен бөлісті.


27.10.2011 Зерттеу университеттерінің мемлекет дамуындағы рөлі

Әлемдік білім және ғылым кеңістігінде зерттеу университеттерінің алар орны ерекше. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының көшбасшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдік дәрежедегі топ-университеттер қатарына еніп, рейтингісі жоғары көтерілуде. Бүгінде ҚазҰУ ұлттық зерттеу университетіне айналу жолында жаңару мен жаңғыру үстінде. Осы орайда 27 қазанда Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Зерттеу университеттерін қалыптастыру және олардың Қазақстан Республикасының инновациялық дамуына қосатын үлесі» атты халықаралық форум өтіп жатыр. Халықаралық және отандық мамандар басын қосқан жиын үш күнге жалғасады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған форумды ҚР Білім және ғылым министрлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, IGIP Қазақ ұлттық мониторинг комитеті, KazSEE Қазақстандық инженерлік білім беру қоғамы және ҚР Инженерлік академиясы арнайы ұйымдастырып отыр. Жалпы форум жұмысына әлемнің 30 елінен 100-ден аса ғалым және жоғары білімнің көрнекті қайраткері, сондай-ақ, халықаралық IGIP, IFEES, SEFI, COPEC халықаралық ұйымдарының өкілдері және Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары, оқытушы-профессорлары қатысты.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов форум жұмысын ашқан сөзінде: «Бүгінгі форум Қазақстан Республикасының 20 жыл ішіндегі қарқынды даму жолын саралап, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындап берген отандық ғылым мен білімді жаңа белестерге көтерудің бірден бір шешуші жолы ғылыми зерттеу университетін құру мен оны өркендетудің өзекті мәселелерін талқылауға арналады. Халықаралық форумға әлемнің лауазымды өкілдердің қатысуы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Халықаралық Инженерлік академиясының қолдауы бүгінгі Форумның маңыздылығын арттырып отыр. Зерттеу Университетінің Мемлекетімізде қолға алған Үдемелі Индустриалды-Инновациалық экономикалық дамудың бірден бір негізгі буыны болатындығы бүгінгі Форумның маңызды тақырыбы. Бұл шараның ел дамуына өз үлесін қосатынына сенімдемін», - деп атап форум жұмысына сәттілік тіледі.


27.10.2011 «Еуразиялық стратегия: теория және тәжірибесі»

26 қазанында халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен профессор Т. Танака (Орталық Азия мәселелерін зерттеу бойынша институт, Жапония), С. Конопацкий (Польша университетінің профессоры) және Т. Дадабаевтың (Цукуба университетінің профессоры, Жапония) қатысуымен «Еуразиялық стратегия: теория және тәжірибесі» аталған студенттер, магистранттар және докторанттарға арналған халықаралық семинар өтті.

Студенттер мен магистранттар Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуразиялық идея, ЕвразЭҚ-тың келешегі сияқты мәселелер бойынша баяндамалар жасады. Сонымен қатар, Жапония мен Польшадан шақырылған профессорлардың евразиялық стратегияға қатысты пікірін тыңдау аса қызықты болды.