Жаңалықтар

Жаңалықтар


02.09.2011 Білім күні лидерлік дәріспен өтті

2011 жылы 1 қыркүйек Білім күнінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Бөлекбаев Сағади Байзақұлының «Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-гуманитарлық білім: мүмкіндіктері мен келешегі» тақырыбындағы лидерлік дәрісі өтті.


02.09.2011 «Қазақстанның әлемдік саясаттағы рөлі және қазіргі халықаралық қатынастар» тақырыбында жетекшілік дәріс өтті

2011 жылдың 1 қыркүйегінде Халықаралық қатынастар факультетінде ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, белгілі қоғам қайраткері, профессор Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова жетекші дәріс оқыды. А.Х. Арыстанбекова тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Сыртқы істер министрі және БҰҰ-дағы ҚР алғашқы елшісі болды.


02.09.2011 ҚазҰУ-да тағы бір студенттік жатақхананың тұсауы кесілді

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесінде орналасқан, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №14 жатақханасы биыл күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, заманауи жабдықталды. Студенттік баспанада университеттің халықаралық қатынастар, шығыстану факультеттерінің студенттері мен дайындық факультетінде оқитын шетелдік азаматтар тұратын болады. Жаңадан бой көтерген студенттер үйі жаңа оқу жылында пайдалануға берілді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы бойынша ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың басшылығымен студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге байланысты 2011-2015 жылдарға арналған «Студенттік баспана» бағдарламасы әзірленгені белгілі. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бұл бағдарлама өз міндетін бастап кетті десек болады.

Негізінен №14 жатақхана орналасқан бұл ғимараттың іргесі 1986 жылы қаланған. Жалпы аумағы он мыңнан астам шаршы метрді қамтиды. Бес қабатты ғимаратты алып жатқан №14 жатақхана жиыны жеті жүзден астам студентті тұрғылықты орынмен қамтамасыз етеді. Жалпы жатақхананы қайтадан жаңғыртып, жаңартуға – 493 миллион теңге қаражат жұмсалды.


01.09.2011 Жаңа оқу жылында жаңа кітапхана ашылды

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаңа оқу жылына биылғы Елбасының халыққа дәстүрлі Жолдауында әлеуметтік жаңғыруды қоғам алдындағы мақсат ретінде қойды. Осы бағытта жоғары оқу орындарының рөлі ерекше. Университеттер қаншалықты білімді, толыққанды бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын болса, соған байланысты қоғамымыз дамиды. Студенттердің білім алып, ғылыми жұмыстарын жетілдіруге кітапхананың, оқырман залдарының білім нәрімен сусындауға келген жастарға тигізер үлесі өте үлкен. Осы орайда 1 қыркүйек білім күні, ҚазҰУ басшыларының қолдауымен колледж студенттеріне арналған ғылыми кітапханасының оқырман залы мен абонементі салтанатты түрде ашылды.


01.09.2011 Поздравление Министра образования и науки РК Бакытжана Жумагулова с началом нового учебного года

Уважаемые коллеги!

Уважаемые преподаватели, студенты и родители!

Искренне поздравляю Вас с Днем знаний и началом нового учебного года!

Образование – это стратегическая точка роста, благодаря которой создается самое эффективное средство любого прогресса, самый мощный инвестиционный ресурс – человеческий потенциал.

Высшее образование является важнейшим фактором развития экономики, обеспечивающим воспроизводство человеческого капитала. Это предмет особого внимания Главы государства!

В новом учебном году внедрение новых технологий обучения, развитие академической мобильности, активизация прохождения вузами международной аккредитации образовательных программ будут способствовать повышению качества образования и обеспечению конкурентноспособности наших кадров.


01.09.2011 ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтанов магистранттар мен PhD докторанттарына актілік дәріс оқиды

1 және 2 қыркүйек күндері сағат 17.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Химия және химиялық технология факультетінің Малахит залында магистранттар мен PhD докторларына ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Актілік дәріс оқиды.


31.08.2011 «Ашық кафедра» лекциялық курсына тіркелу басталды

Құрметті бакалавриат, магистратура және PhD доктарантураның студенттері! Ағылшын тілінде «Ашық кафедра» лекциялық курсына тіркелу ашық екенін жариялаймыз. Тіркелу 2010 жылдың 14 қыркүйегіне дейін жалғасады.


31.08.2011 ҚазҰУ жаңа оқу жылын дәстүрлі көшбасшылық дәрістермен ашады

2011 жыл 1 қыркүйек сағат 10:00-де дәстүр бойынша барлық факультеттердің үлкен Дәріс залдарында ғылым және саясат саласының ең үздік өкілдері, қазақстандық және халықаралық бизнес-бірлестіктің басқарушылары көшбасшылық дәрістер оқиды.

Олардың арасында - ҚР Төтенше елшісі Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы, шығыстанушы ғалым, мәдениеттанушы және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, ҚР ҰҒА Академигі, ҚР Ұлттық инжинерлік Академиясының бірінші вице-президенті Нәдіров Нәдір Кәрімұлы, «Казэкология» бас директоры Сқақов Амангелді, «Жалпы генетика институтының» директоры Жансүгірова Лейла Бұлатқызы, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология Институтының директоры Әбжанов Ханкелді Әбжанұлы, ҚР Президент Аппараты баспасөз-орталыгының басқарушысы Валерий Жандаулетов, «Айкын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Физико-математикалық орталығының» Бас директоры Калменов Тынысбек Шарипұлы физ.-тех.ғ.докторы, академик Мұқашев Болат Нигматұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор Бөлекбаев Сағадат Байұзақұлы.


31.08.2011 «Қазақстан Республикасының Конституциясы – елді демократиялық модернизациялаудағы құқықтық және әлеуметтік-саяси негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – елді демократиялық модернизациялаудағы құқықтық және әлеуметтік-саяси негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.


27.08.2011 Жаңа оқу жылында жаңа мамандықтар бойынша маман даярланады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа оқу жылында жаңадан 13 мамандық ашылды. Білім ордасына биыл білім берудің 3 сатысы бойынша 4001 жасты грантпен оқуға қабылданды.

Ұлттық зерттеу университетіне айналу жолында қарай бағыт алған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға биыл талапкерлерді қабылдау сапасы айтарлықтай артқан. Тамыздың 23-і күнгі мәлімет бойынша білім берудің 3 сатысы бойынша бакалавриат, магистратура және PhD докторантураға 4001 адам білім беру грантымен оқуға қабылданған. Бұдан бөлек 871 Алтын белгі иегерлері, халықаралық, республикалық және әл-Фараби олимпиадаларының жеңімпаздары бар. Ал ақылы бөлімге қабылданудағы ең төменгі балл тарих және географиядан басқа факультеттерде 70-ті құрап отыр.

«Жаңа оқу жылы бакалавриатта - 3, магистратурада - 4, докторантурада - 6 мамандық ашылды. Атап айтқанда, бакалавриатта - дизайн, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, логистика. Магистратурада - есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, мұнайхимиясы, геоэкология және табиғатты падалануды басқару. Докторантурада - қаржы, есептеу техгникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, информатика, есептеу техникасы және басқару, педагогика және психология, туризм, логистика. Сондай-ақ жаңадан тағы 17 мамандықты ашуға құжаттар берілді», - дейді әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры Гүлнәр Балақаева.