Жаңалықтар

Жаңалықтар


29.06.2011 ҚазҰУ студенттері әскери ант қабылдайды

2011 жылдың 3 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери дайындықтың толық курсын өткен студенттері әскери ант қабылдайды.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедрасы 1934 жылы Қызыл Әскер құрамына кіретін әскери резерв дайындау мақсатында құрылды.


28.06.2011 Ректор ҚазҰУ-дағы оқу ісі мен зерттеу университеті қандай болу керектігіне тоқталды

27 маусым күні ғылыми кеңестің 2010-2011 оқу жылына соңғы отырысы өтті. Химия ғылымдарының докторы, профессор Зұлхайыр Мансұровты 65-жасқа толуымен ректор арнайы құттықтап, барлық факультет декандары атынан филология факультетінің деканы Қансейіт Әбдезұлы сөз сөйлеп, ізгі тілегін айтты.


27.06.2011 Жазғы оқу семестрі

Биыл ҚазҰУ-ға жазғы оқу семестріне шетелдер мен қоса Қазақстанның ЖОО-ның студенттері де келіп білім алуда. Оқуға қажетті құжаттарды тапсыруда сырттан келген студенттерінің бірі Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзін-өзі басқару жүйесімен танысқысы келетіні туралы айтып қалды. «Тәжірибені онымен бөлісу арқылы ғана жинақтай аласың» деген ұстаныммен жүретін ҚазҰУ белсенділері қуана-қуана қонақтармен кездесетін күнді белгілеп, өз жұмыстарымен таныстыруға әзірлікті бастап кетті.


24.06.2011 Ғайрат Сапарғалиевті еске алуға арналған конференция өтті

24 маусымда мемлекет және құқық институты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетімен бірігіп, «Қазақстандық қоғамның жаңартылуы жағдайында саяси жүйені қалыптастыру және жетілдіру (теория мен тәжірибе мәселелері)» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Бұл конференция ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор Ғ.С. Сапарғалиевті еске алуға арналды. Конференция заң факультетінің Ғылыми кеңес залында өтті.


22.06.2011 23 маусым күні Назарбаев университетінің өкілдері ҚазҰУ-ға жұмыс сапарымен келеді

Кездесу барысында еліміздегі екі жоғарғы оқу орындары арасындағы білім-ғылым және инновациялық қызметтер жайында тәжірибе алмасып, пікір бөліседі.


21.06.2011 «Қазақстандық қоғамның жаңартылуы жағдайында саяси жүйені қалыптастыру және жетілдіру (теория мен тәжірибе мәселелері)» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

24 маусымында мемлекет және құқық институты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетімен бірігіп, «Қазақстандық қоғамның жаңартылуы жағдайында саяси жүйені қалыптастыру және жетілдіру (теория мен тәжірибе мәселелері)» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді, бұл конференция ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор Г.С. Сапарғалиевті еске алу үшін арналады. Конференция заң факультетінің Ғылыми кеңес залында өтеді.


21.06.2011 ҚазҰУ-да журналистика факультеті түлектеріне салтанатты түрде диплом табыс етілді

Бүгін еліміздегі журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің профессор Темірбек Қожакеев атындағы акт залында журналистика факультетінің 2011 жылғы түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды.

Биыл журналистика факультетінде қазақ және орыс бөлімін қоса есептегенде барлығы 118 түлек бітіріп отыр. Олардың 105-і бакалавр, ал 13-і магистр түлектер. Түлектерге дипломды университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов және журналистика факультетінің деканы, профессор Есберген Алауханов табыс етті.

Салтанатты шара барысында бітіруші түлектерді және бұқаралық ақпарат құралдарын кәсіби мерекелерімен құттықтаған ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы: «Журналистер ой-танымының, біліктілігі мен кәсібилігінің ел дамуында үлесі зор. Баспасөз – халық айнасы. Біз бүгін қарашаңырақтан түлектер ұшырып, медиа-нарық қатарын жас буынмен толықтырып отырмыз. Бұл түлектер жоғарыбілікті мамандар қатарын құрап, киелі орда үмітін ақтайды деп сенеміз», - деп атап өтті.


21.06.2011 Университет комиссиясы өз қорытындыларын жариялады

20 маусымдағы ректорат мәжілісі «Хабар» телеарнасындағы «Қазақшаңыз қалай?» бағдарламасында жеңіске жеткен студенттерді ректордың құттықтау, марапаттауымен басталды. Республикалық университетаралық жарыста ҚазҰУ-дың «Достар» тобы қазақ тілін жетік меңгергендерін дәлелдеп, алғырлық танытып, 1-орынды иеленді. Топ құрамында филология факультетінен Жанна Верещак, Дина Тильман, Анастасия Перетьятко, Дарья Жигальцова, Нигара Бавдинова, Азиза Даутова, Жұлдыз Абдуллаева және халықаралық қатынастар факультетінің студенті Александра Юрченко бар.


20.06.2011 ҚазҰУ-да Студенттер құрылыс жасағы өз маусымын бастады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттер құрылыс жасағы кезекті маусымдық жұмысын бастады.

Университеттің 120 студентінен құралған СҚЖ биыл 1-ші маусымнан бастап ҚазҰУ қалашығынын тазалау, гүл егу және қалашықтағы ғимараттарды жөндеуден өткізу жұмыстарына белсене араласып кетті. Оларға университетет басшылығы тарапынан жағдайлар жасалынған. Студенттер құрылыс жасағының жауынгерлері 3 мезгіл тегін тамақ, жайлы жатақхана және айлық жалақымен қамтамасыз етілген.


20.06.2011 ҚазҰУ мен Колумбиялық (АҚШ) университеті магистранттар мен докторанттарға байқау жариялайды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Колумбиялық (АҚШ) университеті магистранттар мен докторанттарға «Integrated Approaches to Sustainable Development Practice» курсын оқуға қабылдау байқауын жариялайды.