- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
17.06.2011 ҚазҰУ-да Инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздарына сертификаттар тапсырылды
17 маусым күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде байқау жеңімпаздары отандық ғалымдарға сертификат табыстау рәсімі өтті. Бұл жоба ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Технология коммерциализациясы» әлемдік банкінің қолдауымен өтті.
Бұл жобаның мақсаты әр саладағы мамандықтар бойынша ғалымдардың зерттеулерінің коммерциялық маңызы мен ғылыми жетістіктерін көрсету болған.
17.06.2011 Студенттерге білім беру барысы талқыланды
17 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның ЖОО проректорларының қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары секциясының кезекті мәжілісі өтті. Жиналысты ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ашты. Университеттен барлығы 38 адам және республикалық ЖОО-нан 28 қатысушылар келді. Мәжіліске арнайы ҚазҰУ-дың оқытушы-прфессорлар еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.
16.06.2011 Франция жоғары оқу орындары мен ҚазҰУ арасында тығыз әріптестік орнайды
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне франциялық деллегация келді.
Олардың қатарында Францияның Сыртқы істер министрі Gilles Mametz, Франция Елшілігінің білім жөніндегі атташесі Noemie Larroilh, Франция Білім министрі Robert Prosperini сонымен қатар бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтарының, институттардың басшылары мен өкілдері бар.
14-16 маусым аралығында Астанада өткен Қазақстан-Француз жоғары оқу орындарының ІІ Халықаралық форумына қатысқан шетелдік әріптестер еліміздегі іргелі білім ордасына арнайы келіп, университеттің қызметімен танысты.
15.06.2011 ҚазҰУ-да Алматыны инновациялық орталыққа айналдыруға байланысты кеңес өтті
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласының әкімшілігі жанындағы Инновациялар және жаңа технологиялар бойынша кеңесінің мәжілісі өтті.
Мәжіліске әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы Бақтияр Мәкен, ҚР ЖОО Қауымдастығының Президенті Рахман Алшанов, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының бірінші Вице-президенті Нәдір Нәдіров және Алматы қаласындағы ірі компаниялар мен ЖШС басшылары қатысты.
Кеңес мәжілісінің алғысөзінде академик Ғалымқайыр Мұтанұлы: «Кеңестің басты жұмысы Алматыны инновациялық қалаға айналдыруды қарастыру. Қалада орналасқан инфрақұрылымдардың дамуына және бір ізділенуіне ықпал ету», - деді.
Күн тәртібінде Алматыны инновациялық қалаға айналдыру жұмыстары қаралды. Бұл ретте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов «Инновациялық Алматы – жаңа технологиялық платформаға серпіліс» жобасымен таныстырса, ҚР Жоғары оқу орындары Ассоцияциасының Президенті Рахман Алшанов «Инновациялар бойынша эксперттік кеңестің құрылуы туралы» ақпарат жасады. Ал «Альянс Банк» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Әуелбек Тоғжанов «Инновациялық Алматы – жаңа технологиялық платформаға серпіліс» жобасының басқарушы компаниясын құру туралы баяндады.
15.06.2011 ҚазҰУ мен Шанхай университеті арасында әріптестік дами бермек
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Шанхай университетінің ректоры Ю Синг Вэймен кездесті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек Қытайда ғана емес бүкіл әлемге танылған оқу ордасы екендігін айтқан ректор, қытайлық әріптестерімен ШЫҰ аясында әріптестікті дамыту, халықаралық байланысты кеңейту одан әрі жақсы өріс алғандығын тілге тиек етті.
Екі жақты еларалық тығыз қарым-қатынастың дамуы университетер арасында ғылым, білім, зерттеу жұмыстары саласында да жоғары байланысты қажет ететіндігін баяндады. ҚазҰУ бүгінде ұлттық зерттеу университетіне айналу жолында екендігін, сонымен бірге білім шаңырағына атқарылып жатқан толағай еңбектермен таныстырды. Бұл бағытта ҚазҰУ шетелдік профессорларды дәріс оқуға шақыруды кеңейтпек. Ұлттық университетке айналу жолында билік тарапынан да, мемлекет тарапынан да қолдау көп екендігі айтылды. Қазақстандағы көшбасшы білім ордасының тыныс-тіршілігімен қанық болған қытайлық әріптестер Шанхай университетінің қызметіне тоқталды.
14.06.2011 Куратор-эдвайзерлер кеңесі төрағаларына арналған семинар
14 мамыр мен 10 маусым аралығында тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаменті факультеттердің куратор-эдвайзерлер кеңесі төрағаларына арналған семинар өткізді.Бұл семинаркуратор-эдвайзерлердің қызметін жақсартуға арналған.
14.06.2011 «Қазіргі жағдайдағы білім беру үрдісі» атты Дөңгелек үстел өтеді
Ықшам ақпар
17 маусым сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның ЖОО проректорларының қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары секциясының кезекті мәжілісі өтеді.
Іс-шара аясында «Қазіргі жағдайдағы білім беру үрдісі» атты Дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда. Онда модульдік бағдарламаларды жоспарлаудағы құзыреттілік тәсілдер, студенттердің өзіндік жұмысы – оқытудың негізгі бір фомалары ретінде және ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта есептеудегі қазақстандық моделі аясында академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру сияқты өзекті тақырыптар қаралады.
14.06.2011 Студенттер контингенті дами бермек
Жоғары оқу орындарының басты капиталы – сол университеттің студенттері. Олай болса, білім ордасына түлектерді қабылдау өзіндік салмағы бар үлкен науқан. Дәл қазіргі таңда білім ордаларының алдында тұрған үлкен міндет – кезекті оқу жылына білімгерлерді қабылдау. Осы орайда, 13 маусымда өткен Ректорат мәжілісінде бірінші проректор Мұқамбетқали Бүркітбаев баяндаманы 2011-2012 жылғы студенттердің контингентін дамытуға арнады.
Білім нарығында университеттің бәсекегі қабілеттілігі және инновациялық әлеуеті – Олимпиада жеңімпаздарының оқуға қабылдануымен және ҰБТ-дан жинаған көрсеткіштің үлесімен өлшенеді. Бұл орайда ҚазҰУ-да қабылдау комиссиясы тыңғылықты жұмыс істейді. Олар үгіт-насихат, таныстыру жұмыстарын жүргізуде.
14.06.2011 Қансейіт Әбдезұлы – «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің деканы, профессор Қансейіт Әбдезұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің шешімімен «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.
ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Ректорат мәжілісінде профессор Қансейіт Әбдезұлына белгіні табыс етіп: «Әр оқытушы ең алдымен мәдениетті болуы керек. Ұстаз үшін де, ғалым үшін де басты керек құндылық осы. Мәдениеттілік қайраткерлікке жол ашады»,- деп атап өтті. «Мәдениет қайраткері» белгісімен құттықтап, ғалымның еңбегіне толағай жетістік, отбасына амандық тіледі.
10.06.2011 ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҚазҰУ арасында әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойылды
10 маусымда 2011 ж. ҚазҰУ ректоры академик Ғ.М.Мұтанов ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротовты (Санкт-Петербург, Ресей) қабылдады. Кездесудің мақсаты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер ассамблеясының парламентаралық хатшылық кеңесімен ғылыми, білім, гуманитарлық және жақын қызметтік бағыттағы әріптестік келісім-шартына қол қою болды.