- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Заң ғылымының докторы, профессор Гүлнара Үсейінова арамызда болса 56 жасқа толар еді. Осындай қысқа ғұмырында оның ұстаз, заңгер-ғалым ретінде де, басшы ретінде де атқарған қызметі мен жасаған еңбегі өте көп және атқарары да көп, қаншама жүзеге аспай қалған жоспарлары мен идеялары да жетерлік еді...

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейінде суретші-реставратор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Мажарстан «Рыцарлық Крест» орденінің иегері, әлемдегі ірі сәулет сарайы Луврда тәжірибе алған Қырым Алтынбековтің 70-жылдық мерейтойына арналған жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті Мажарстан шығыстанушысы, саяхатшы, зоолог және этнограф Алмаши Дьергиге арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің екі студенті «ҚР үздік студенті – 2022» байқауында жеңімпаз атанды.

Қыпшақ тіліндегі жазба мұралардың қатарына араб графикасымен мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған тарихи, әдеби және лингвистикалық ескерткіштер жатады. Сол кездегі түрікше-арабша сөздіктер мен грамматикалық еңбектер Мысырдағы жергілікті араб халқына қыпшақ тілін үйрету мақсатында жазылғандықтан, араб және қыпшақ тілдеріндегі мәліметтерді қамтиды. Мәмлүк-қыпшақ тіліндегі қолжазбаларды, әсіресе тілге қатысты еңбектерді зерделеу маңызды.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №39 (1863) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Президентінің архивімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан дуалды білім беру жобасын іске қосты, оның аясында тарих факультетінің студенттері сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Бұйрығымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне Қазақстан Республикасы Президентінің 2022-2023 оқу жылына арналған стипендиясы берілді.