- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қалалық қоғамдық штабының үгіт-насихат жұмысы аясында «Қазжеңілөнеркәсіп – Алматы» ұжымымен кездесті.

Times Higher Education рейтингтік агенттігі әлем университеттерінің 2023 жылға арналған пәндік рейтингінің қорытындыларын жариялады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Times Higher Education World University Rankings by Subject 2023" пәндік рейтингінің қорытындысы бойынша өз позицияларын жақсартты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландырудың ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі және оны практикада қолдану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің екі студенті халықаралық байқаулардың жүлдегері атанды.

Журналистика факультетінің түлектері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келіп, қалашықты аралады. ҚазҰУ-ды осыдан 30 жыл бұрын бітірген түлектер арнайы ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты.

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қалалық қоғамдық штабының отырысын өткізді. Оған қалалық штаб жетекшісінің орынбасарлары, аудандық қоғамдық штаб жетекшілері мен аудандық штаб аппаратының басшылары қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында «Magnum Daily» сауда желісі ашылды. Салтанатты шараға университет басшылығы, оқытушылар мен білім алушы жастар қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында Қазақстан кәрістері диаспорасының 85 жылдығына және Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Жаһандану, трансұлттық және цифрландыру дәуіріндегі диаспорологияны дамыту келешегі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде «Корпоративтік басқару моделін құрудың негізгі параметрлері», «ҚазҰУ ІТ-инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасы» сынды тақырыптар тыңдалып, талқыланды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық ғылым академиясы президиумының кеңейтілген отырысына қатысты. Онда Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі жұмыс барысы талқыланды.