- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Шығыстану факультетінде Қазақстандағы Свами Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры Санджай Веди мырзамен кездесу өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биология ғылымының докторы, Орегон ұлттық приматтарды зерттеу орталығы және АҚШ-тың Діңгекті жасушалар орталығының профессоры Шухрат Миталипов «Қазіргі эмбриология мен генетикадағы жаңа технологиялар» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №31 (1855) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Өмір үшін ықпалдасу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Шара студенттерге жойқын жер сілкінісі кезіндегі төтенше жағдайды жою іс-қимылдарын үйретуге бағытталған.
Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №30 (1854) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тәжікстанның Алматыдағы бас консулы Равшан Бобохонзода мен ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – операциялық қызмет жөніндегі проректор Әсел Уәлиеваның қатысуымен Тәжікстаннан келген студент жастармен кездесу өтті.

Биылғы жаңа оқу жылында филология факультеті тағы бір мамандықпен толықты. «Түркі филологиясы» білім беру бағдарламасының есігі білім аламын деушілерге айқара ашық.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Мохсен Фагани жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Иран делегациясы мен ҚазҰУ басшылығы ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық келешегін талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Түрікменстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Батыр Режеповпен кездесті.

Алматы қаласында Satbayev University базасында студенттік жатақханаларға орналастыру мәселелерін шешумен айналысатын жедел штаб құрылды.