Жаңалықтар

Жаңалықтар


20-шіл-22 Философия және саясаттану факультеті

Философия және саясаттану факультеті әлеуметтік, гуманитарлық, педагогикалық және қызмет көрсету бағыттары бойынша алты кафедра – Философия кафедрасы, Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, үш деңгейде – 8 бакалавриат, 23 магистратура, 13 PhD докторантура білім беру бағдарламалары бойынша, магистратура деңгейінде шетелдік жоғары оқу орындарымен алты қосдипломдық білім беру бағдарламасы аясында мамандар даярлайды. 


19-шіл-22 ҚАЗҰУ бос білім беру гранттары туралы хабарлайды

Құрметті білім алушылар!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бос білім беру гранттары туралы хабарлайды! Оған талаптарға толық сәйкес келетін ақылы білім беру қызметін көрсету шарты негізінде тиісті мамандықтардың білім алушылары үміткер бола алады.


19-шіл-22 МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Механика-математика факультетінің мақсаты – математика, механика, роботтық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу ғылымдары және статистика, ғарыш техникасы мен технологиялары, жоғары өнімділікті есептеу саласында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлау.


19-шіл-22 Тарих факультеті

Тарих факультеті – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ең алғаш ашылған факультеттерінің бірі. Тарих, археология, этнология, музей ісі, мұрағаттану және кітапхана саласындағы бәсекеге қабілетті озық мамандар даярлап келеді. Факультет түлектері әртүрлі мамандықтар мен қызмет салаларында сұранысқа ие.


19-шіл-22 ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

1934 жылы іргетасы қаланған заң факультеті көптеген жаңару мен өзгерістерді басынан өткерді. Қазіргі таңда аталған факультетте «Құқықтану», «Кеден ісі» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.


19-шіл-22 ӘСКЕРИ КАФЕДРА

Әскери кафедра бүгінге дейін мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін 40 мыңнан астам запастағы офицерлер даярлап шығарды.


19-шіл-22 Медицина және денсаулық сақтау факультеті

Медицина және денсаулық сақтау факультеті 2015 жылы ашылды. Студенттерді оқытуға Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтарының көрнекті ғалымдары мен жетекші мамандары, алыс-жақын шетелдерден (Ресей, Украина, Беларусь, Канада, Германия, Швеция, Оңтүстік Корея және т.б.) шақырылған профессорлар қатысады.


18-шіл-22 Журналистика факультеті

Журналистика факультеті өзінің хронологиясын Қазақ коммунистік журналистика институты құрылған 1934 жылдың наурыз айынан бастап жүргізіп келеді.


18-шіл-22 География және табиғатты пайдалану факультеті

География және табиғатты пайдалану факультеті (1948 жылы ашылған) – барлық заманауи талаптарға жауап беретін, жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттіліктері жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша Қазақстанның білім беру ХАБ-ы.


18-шіл-22 ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі  –  1949 жылы ашылған Қазақстандағы жоғары білікті экономистерді даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды қамтитын іргелі білім ошағы.