Жаңалықтар

Жаңалықтар


9-мам-22 Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, студенттері, магистрант, докторанттары!

 

Сіздерді 9 Мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!


6-мам-22 ҚазҰУ-да заң білімін жетілдіру жолдары талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысы өтіп, онда еліміздегі сот-құқықтық реформалар мен құқықтық білім беруді жетілдіру жолдары талқыланды.


4-мам-22 Амандық БАТАЛОВ, мемлекет қайраткері: ҚазҰУ қалашығының даму жоспары ұнады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне дәстүрлі көшбасшылық дәрісін оқуға мемлекет қайраткері, кәсіби құрылысшы, білікті экономист, тәжірибелі саясаткер Амандық Баталов арнайы келді. Жиынды ашқан ҚазҰУ ректоры Жансейіт Қансейітұлы: «Өзіміздің қара шаңырақ – ҚазҰУ қалашығы құрылысында Амандық Ғаббасұлының қолтаңбасы бар. 


3-мам-22 НӘТИЖЕЛІ КЕЗДЕСУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті мен «Теңізшевройл» ЖШС арасында білім саласындағы ынтымақтастық мәселесі жолға қойылған. Жақында ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен өткен алқалы жиынға аталмыш компанияның үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің өкілдері қатысты.


2-мам-22 ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын!


1-мам-22 1 МАМЫР - БІРЛІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Сіздерді 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


29-сәу-22 Ректор ҚазҰУ-ды қайта жаңғырту жоспарымен таныстырды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев оқытушы-профессорлар құрамы және қызметкерлермен кездесіп, ҚазҰУ қалашығын қайта жаңғырту жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар ұжымның ұсыныс-пікірін тыңдап, көкейдегі сұрақтарына жауап берді. 


27-сәу-22 AlmaU президенті ҚазҰУ-да көшбасшылық дәріс оқыды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Almaty Management University (AlmaU) президенті, іскерлік әкімшілендіру докторы Асылбек Қожахметов «XXI ғасырдағы инновациялық білім беру: ол қандай?» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды. Қайраткер қазіргі қоғамдағы білімнің рөлі туралы ойымен бөлісті.  


27-сәу-22 Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнының бір жылда атқарған жұмыстары мен алдағы даму жоспары таныстырылды. Сондай-ақ ректор Мемлекет басшысына білім беру үдерісі, ғылыми-зерттеу жұмыстары және университеттің халықаралық жетістіктері туралы баяндады.


27-сәу-22 ҚазҰУ-да Эдхам Тнішевтің 100 жылдық мерейтойы атап өтілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, лингвист-түрколог, моңғолтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі Эдхам Рахымұлы Тнішевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Э.Р.Тнішев әлемі: ғылымдағы ғұмыр» атты халықаралық конференция басталды.