ҚазҰУ-да «Құндылықтарға негізделген ЖОО-ғы интернациоландыру» тақырыбында семинар өтуде. Шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен Ұлы Хартия Обсерваториясы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті бірлесе отырып ұйымдастыруда.
Аталмыш семинар аймақтағы университеттерге Ұлы Хартияда да белгіленген құндылықтар мен мүдделі тараптардың интернациоландыру стратегиясын ұстануға мүмкіндік беруге бағытталады. Оның жай-жапсары талқыланып, жоғары оқу орындарындағы интернациоландыру жайы сөз болды. Семинарды ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М .Бүркітбаев ашып, қазіргі заманғы қоғам дамуындағы және интернациоландыру үдерістеріндегі университеттердің рөлін тілге тиек етті.
Өз сөзінде ол «Қазақстан мен Орта Азия университеттерінің ішінен ҚазҰУ алғашқы болып 2003 жылдың 16 қыркүйегінде университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Осылайша біздің еліміз әлемдік білім кеңістігіне жол салды»,- деп атап өтті.
Баспасөз қызметі