Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерді жұмыспен қамту Рейтингісінде 500 ЖОО ішінен 251 орынға ие болған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды.
Рейтинг жұмыс берушілердің студенттермен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуы, жұмыс берушілер арасында беделі, түлектердің кәсіби жетістіктері, жұмыс берушілермен серіктестік сынды бағалау критерийлері негізінде құрастырылды. Бұл жоғары нәтиже ҚазҰУ-дың жұмыс берушілермен тығыз байланысы бар екенін және көптеген ЖОО түлектерінің елдің үздік компанияларында және одан тыс жерлерде табысты жұмыс атқаратынын растайды.
2017/2018 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша Стэнфорд университеті, Калифорния университеті, Гарвард университеті, Сидней университеті және Массачусетс технологиялық университеттері көшбасшы орынды иеленді.