Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында «Ғылым лидері – 2017» сыйлығы тапсырылды.
Жыл сайын берілетін дәстүрлі сыйлыққа Web of Science Core Collection ресурсында 2014-2016 жылдары ғылыми мақалалар жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған отандық ғалымдар қол жеткізді.
Университеттің ғалымдары Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, профессор, Ғабдуллин Маратбек Төлепбергенұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD доктор, Молдабеков Жандос, PhD доктор және жас Исмағамбетова Томирис Нұрланқызы «Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым» аталымы бойынша марапатталды.
Осылайша, ҚазҰУ-дың зерттеушілері ғаламдық ауқымда ғылыми зерттеулерінің өзектілігі және қажеттілігін тағы да дәлелдеді. Профессор Рамазанов Т.С. Web of Science Core Collection дерекқорының жоғары рейтингті басылымдарында 129 мақаласы бар болса, Хирша индексі-22. Ал доктор PhD Молдабекова Ж. 27 ғылыми мақалаларын жарияласа оның Хирша индексі 7. Жалпы Web Science Core Collection халықаралық дерекқорында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ авторларының 3,176 мақаласы бар. Олар 9,129 рет дерексөз ретінде көрсетілген.