Жаңалықтар

«Noblesse Oblige» идеясы мен шәкіртақы

19.12.2017

«NoblesseOblige» идясы мен шәкіртақы

ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының студенттеріне Кіші және орта бизнесі қауымдастығы атынан шәкіртақы табысталды.  Аталмыш шараға жуырда Кіші және орта бизнес қауымдастығының президенті  болып сайланған Ким Сон Тэ мырза да қатысты. Қауымдастық «Noblesse Oblige» идеясын ұстанып, Қазақстан қоғамына көмек көрсетумен айналысады. Осы жылы бұл ұйым шәкіртақы иегерлер саның 3-тен 5-ке көбейтті (5 адамға 500000 тг. көлемінде). Шәкіртақы беру рәсімі былтыр да өткізіліп, Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі мен Алматы қаласындағы Оңтүстік Кореялық жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуда алғашқы қадам болды. Осындай рәсім дәстүрге айналып, ендігі жылда да өткізілетін болады. Қауымдастық тарапынан көрсетілетін көмек студенттердің корей тіліне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім беру мен бизнес аясындағы ҚазҰУ мен Алматыдағы Оңтүстік Кореялық жұмыс берушер арасындағы қарым-қатынастың дамуы мен нығаюына да септігін тигізеді.