ҚазҰУ-да «Қазақ университеті» баспасынан «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген академик Хабибулла Оспановтың өмір жолына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Х.Қ. Оспанов - химия ғылымдарының докторы, профессор, Минералды ресурстар халықаралық Академиясының, ҚР Минералды ресурстар Академиясының, Нью-Йорк академиясының (АҚШ) академигі «Ғылым» аталымы бойынша жалпыхалықтық тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және ЖОО-ның 2007 жылғы «Үздік мұғалімі» грантының иегері. Атаулы платиналы медальмен марапатталған және «ХХІ ғасырдың көрнекті ғалымы», Кембридж, Англия) (377 бет) кітабына енген. ҚазКРО еңбек сіңірген өнертапқышы, КСРО өнертапқышы және ҚазКРО халықтық білім беру ісінің үздігі.
Тұсаукесерде сөз алған ҚазҰУ ректоры «Х.Қ.Оспанов - 3 халықаралық ғылыми жаңалықтардың авторы1000-нан аса ғылыми жұмыстың, оның ішінде 115 өнертабыс пен патенттерге авторлық куәліктің иегері. 22 монография оның 5-і Лондонда, 2 монографиясы Германияда, біреуі Мәскеуде шыққан, сонымен қатар 20 тарта оқулықтар мен оқу құралдары бар. Ол 45 ғылым кандидаты мен 6 ғылым докторын дайындап шығарып, химия саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірден-бір ғалым» - деді Ғалым Мұтанов.
Ғалымның ғылыми еңбектері негізінен химияның және электрхимияның неорганикалық физика, химия технологиясын зерттеу мәселесіне арналып, бүгінде химия саласының атасы атанған ғалым дейді тұсаукесерге қатысушылар.
Баспасөз қызметі