ҚазҰУ студенттері Қазақстандағы Үндістан Республикасы елшілігінің Үнді мәдени орталығының директоры Дханвир Сингх Раватпен кездесті.
Кездесу барысында Сингх Рават үнді мәдени орталық хиндиді зерттеуге көмек көрсетіп, аудио және видео қосымшалармен толықтырылған қосымша білім беру материалдарын ұсынды. Қатысушылар қызығушылық тудырған сұрақтар қойып, қосымша сөздіктер туралы ақпарат алды. Сондай-ақ Дханвир Сингх Рават кездесу аясында оқытушыларға Үндістанның жоғары оқу орындарында біліктілігін жетілдіру мүмкіндігін беру, студенттік алмасу сынды мәселелерді орындау үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтынын атап айтты.
Кездесу соңында тараптар бірлесіп 3 жылда бір рет өтетін «Хинди тіліндегі халықаралық конференция» өткізуге келісті. 2018 жылы «Хинди тіліндегі халықаралық конференция» 18-21 тамыз аралығында Маврикия Республикасында өтеді. Оған хинди тілін меңгерген оқытушылар мен студенттер қатыса алады.
Шығыстану факультеті