Жаңалықтар

ҚазҰУ делегациясының Токио университетіндегі сапары

26.02.2018

Ынтымақтастықты дамыту мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары Токио университетіне барып қайтты. 

Сапар барысындағы жұмыс Токио университетінің гуманитарлық факультеті ішіндегі Корейтану орталығының зерттеу жобасы аясында жүргізілді.   Семинарға Корейтану мамандандары,Токио университетінің 20-дан астам профессорлары, доценттері мен докторанттары және Токиодағы 5 жоғары оқу орындарынан шақырылған профессорлар қатысты.

2017-2018 оқу жылының басында Қиыр Шығыс кафедрасына Токио университетінің профессоры Тономура Масару арнайы шақыру бойынша келіп кеткенін еске саламыз. Сапар барысында профессор өзінің академиялық дәрістерін оқыды. Сондай-ақ Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі доцент Ем Н.Б. «Жапониядағы корей диаспорасы» атты бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы талқылап, «Қазақстан корейлерлері: тарихы және қазіргі заман» тақырыбында дәрісін оқыды.

Бұл кездесу Токио университетінің Гуманитарлық факультеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті арасында келісім жасау үшін негіз болды. Шартқа қол қою екі айдан кейінгі уақытқа жоспарланып отыр.

Сонымен қатар қазақстандық делегация Токиодағы Корё университеті мен Жапониядағы Корей Елшілігінің қарамағындағы Жапониядағы корей резиденттерінің орталығында (Central Head office the Korean Residents Union in Japan) болып қайтты.

                                                                                                                                                       

                                                                                                                                                                                                         Қиыр Шығыс кафедрасы