ЖАҢА СЕРІКТЕС УНИВЕРСИТЕТ – БУНКЁУ ГАККУИН СТУДЕНТТЕРІ (ЯПОНИЯ) ҚАЗҰУ-ДА ҚЫСҚЫ МЕКТЕПТЕ
Қиыр Шығыс кафедрасы Бірінші проректор М.М. Бүркітбаевпен бірге бір жылдан бері Бункёу Гаккуин университетімен (Япония) ынтымақтастық жөнінде келіссөз жүргізіп, серіктестікке қол жеткізді. Соның нәтижесінде аталған жапондық университеттің гуманитарлық ғылымдар факультетінің 22 студенті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-іне Қысқы мектепке қабылданды. Студенттер «Аймақтану. Орталық Азияның саясаты, экономикасы және мәдениеті» атты бірлескен білім бағдарламасы бойынша білім алып, курс соңында сертификат иеленді.
Бұл жапон студенттерінің Қазақстанға алғашқы сапары. Университет кампусы, Алматы қаласының ландшафты, қазақстандық студенттермен кездесу – мұның бәрі де оларға ұмытылмас әсер қалдырды. Президенттің «Рухани жаңғыру» Жолдауы аясында 2018 жылдың 15 наурызында Қиыр Шығыс кафедрасының студенттерімен бірге Қазақстанның көрнекті жерінің бірі Тамғалы тасқа саяхат жасады. Далалық экспедиция кезінде Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері мен оқытушылары Қазақстанның салт-дәстүрі туралы әңгімелеп берді. Жол бойы қала пейзажы бұрын көшпелі тұрмыс кешкен халықтың кең даласымен алмасып, шетелдік студенттерді ерекше таң қалдырды.
Тамғалы тас шатқалы жартасқа салынған суреттерге бай, жалпы саны 2000 петроглифке жуық. Студенттер тастағы күнбасты құдай, жасанған палиценостық сарбаздар, ерлі-зайыптылар, жас босанған әйел, адамдар мен жануарлардың көпфигуралы композициясы, аңшылық, бұқаны құрбандыққа шалу, күймелер көрінісі мен көптеген күн белгілерін тамашалады.
Бұл сапар тек жапондық студенттер үшін ғана емес, ҚазҰУ студенттері үшін де айырықша қызық болды. Қысқы мектеп-2018-де тіл машықтарын тәжірибеде қолдану студенттердің біліктілік құзіреттілігін арттыруға айтарлықтай үлес қосты.
Бункёу Гаккуин университетінің студенттерін Қысқы мектеп-2019-да күтеміз!