Жаңалықтар

Йонсе университетіндегі ғылыми-тәжірибелік тағылымдама

03.04.2018

Биомедициналық статистика және дәлелді медицина кафедрасының магистранттарға арналған «Severance-KZ» Халықаралық медицина қорының» қолдауымен «Ауруханалық менеджмент» тақырыбында Оңтүстік Кореяның Йонсе университетінде ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өтті.

Аталмыш қор «Северанс» клиникасы базасында өткізілген теориялық және тәжірибелік сабақтардан тұратын 10 күндік курсты ұйымдастырды. Тағылымдамадан өту кезінде магистранттар Кореяның денсаулық сақтау жүйесі мен ерекшеліктерін, пациенттерге арналған түрлі бағдарламалар мен ауруханадағы заманауи технологиялар және  аурухана менеджментінің аспектілерімен танысып шықты. «Северанс» клиникасы магистранттардың ғылыми жұмыстарын орындау бойынша  практикалық ұсыныстарды әзірлеу үшін семинарлар, дәрістер және кеңес беруге білікті мамандарды ұсынды. Сонымен қатар тағылымдамадан өту кезінде студенттер ғылыми жұмыстарының дайындығымен бөлісіп, кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында  теориялық және тәжірибелік  қосымша сабақтар алды.

Биомедициналық статистика және дəлелді медицина кафедрасы  «Северанс-KZ Халықаралық Медициналық Қорына» магистранттар үшін ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік тағылымдамаға атсалысқаны үшін үлкен алғысын білдіреді.

 

Биомедициналық статистика және дәлелді медицина кафедрасы