Жаңалықтар

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

03.04.2018

2018 жылдың 29-30 науырызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінде «5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша пәндік студенттердің олимпиадасы өткізілді. Бұл олимпиада жоғары оқу орындарының «5В072100 – ОЗХТ» мамандығы бойынша студенттердің күндізгі сайыстарының жүйесінде өткізіліп отыр. Бұл сайыстарда қатысушы-студенттердің білімдерін, дағдылары мен машықтарын бағалау арқылы жеңімпаздар айқындалды.  

Олимпиаданың басты міндеті болып студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін анықтап, химиялық технология саласында студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ынталандыру еді. «5В072100 – ОЗХТ» мамандығы бойынша студенттердің олимпиадасы жыл сайын Республикалық деңгейде өткізіліп отырылады.

Олимпиадаға «5В072100 – ОЗХТ» мамандығы бойынша күндізгі бөлімінің 2-4 курстар студенттері қатысты. Қатысушылар Алматы, Астана, Шымкент, Орал, Семей, Ақтөбе, Павлодар қалаларының жетекші жоғары оқу орындарынан келіп, олардың жалпы саны 89 адамды құрады. Олимпиаданың ашылуында химия және химиялық технология факультетінің деканы х.ғ.д., Е.Қ. Оңғарбаев сәлемдеме сөз сөйледі.

Олимпиада 2 турмен өткізілді. Бірінші турда қатысушылар «Алифаттік қосындылардың органикалық химиясы», «Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары», «Жалпы химиялық технология», «Негізгі органикалық синтездің химиялық технологиясы» курстары бойынша тестілер тапсырды. Екінші турда әр команда органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша ғылыми жобаны ұсынды. Жұмыстар университет мұғалімдерінен тұратын білікті жюри мүшелерімен тексерілді.  

Олимпиаданың жекелік сайсының жеңімпазы ретінде Олимпиаданың 1- және 2- турларында көп балл алған «5В072100 – ОЗХТ» мамандығының 3-курс студенті Ақшабаева Аружан болып тағайындалды. Командалық сайыстың жеңімпазы ретінде Олимпиаданың 1- және 2- турларында ең биік ортаңғы баллды жеңіп алған әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ-нің «Limitless» командасы болды. Оның құрамына 3 курс студенттері – Тасболат Адина, Максим Даяна және Ақшабаева Аружан кірді.  

Бірінші және екінші орын (жекелік және командалық сайыста) алған барлық қатысушылар мен командалар салттанатты түрде дипломдар мен құнды сыйлықтармен марапатталды.

 

«Limitless» командасының жетекшісі,

физикалық химия, катализ және нефтехимия

кафедрасы