Жаңалықтар

Вишва-Бхарати университетіндегі кездесу

02.04.2018

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮНДІТАНУШЫ ҰСТАЗДАР ВИШВА-ВХАРАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫ

2018 жылдың 27-29 наурыз айында Шантиникетанда (Батыс Бенгалия) орналасқан мемлекеттік Вишва-Бхарати университеті, Филология факультетінің «Арабтану, Ирантану, Үндітану және Исламтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаһандық бейбітшілік және тіл мен әдебиет арқылы орнықты даму: арман мен дизайн» тақырыбында өткен өзіндік құнды идеялар мен жаңалықтарға толы халықаралық семинарға Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұстаздары З.Е. Искакова мен Д.М. Көкеева қатысты. 

Аталмыш университеттің негізін ХХ ғасырдың басында үнді халқының жазушысы, ақын,компазитор, суретші, қоғам қайраткері Рабиндранат Тагор қалаған. Рабиндранат Тагордың шығыармашылығындағы Бенгал әдебиеті мен музыкасы Үндістанның мәдени-рухани өмірін таныстырады. Ол әдебиет бойынша еуропалықтар арасында алғаш «Новель сыйлығымен» марапатталған тұлға. Конференция барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғарыда аталған оқытушылары (конференцияға шақырылған шетелдік қатысушылар ішінен) университет ректоры Сабужколи Сен ханымның қабылдауында болды. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, академиялық мобильді алмасулар және қос дипломдық білім бері бағдарламасы аясында мәселелер талқыланды. Үндістан тарапы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен ынтымақтастық орнатуға қызығушылықтарын білдірді.