- Негізгі бет
- Жаңалықтар
ҚазҰУ-да Жазғы мектеп өз жұмысын бастады
21.07.201020 шілдеде VII жыл сайынғы Жазғы мектеп Америкалық және демократиялық ресурстық орталығы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы НАТО туралы ресурстық және ақпараттық орталық пен Нью-Мексико (АҚШ) университетінің ұйымдастырып, ҚР-дағы АҚШ елшілігі мен Қоғамдық дипломатиялық департаменттің (Брюссель, Бельгия) қолдауымен «АҚШ, НАТО және Орта Азия елдерімен аймақтық қауіпсіз» тақырыбында өз жұмысын бастады.
Жазғы мектеп жұмысының ашылуында ҚР-дағы АҚШ елшілігінің бас консулы Роберт Лейн, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Нұрлан Темірбеков, Нью-Мексика университетінің (АҚШ) халықаралық қауіпсіздік бағдарламасының директоры Фрэнк Гильфизер, Нью-Мексико (АҚШ) университетінің халықаралық бағдарламалар жетекшісі Томас Богеншилд, Жазғы мектеп жетекшілері: америкалық және демократиялық зерттеулер ресурстық орталығының профессоры Фатима Кукеева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы НАТО туралы ресурстық және ақпараттық орталықтың директоры, профессор Құралай Байзақова сөз сөйледі.
Аталмыш Жазғы мектептің мақсаты – болашақ мамандарды Орта Азия бойынша халықаралық қатынастар саласындағы геосаяси жағдайларға орай туындаған сауалдарға, аймақтық және өзекті шақырылымдар мен тәуекелдерге, Ауғаныстандағы жағдайларға он шешім айтуға үйрету. 7 жыл ішінде 200-ден аса жас зерттеушілер Жазғы мектеп бағдарламасына қатысып, өз елдеріндегі осы мектептің насихаттаушысы болып табылады.
Жазғы мектеп Орта Азия мемлекеттеріндегі жас американдықтар үшін, әсіресе студенттерге, магистранттар мен докторанттарға жаңа білім алып, өзекті мәселелерді америкалық және ортаазиялық қатынаста АҚШ пен НАТО деңгейінде талқылап, пікір білдіруге мүмкіндік туғызатын өзіндік ерекшелігі бар форум болып табылады.
VII Жазғы мектептің ерекшелігі оның халықаралық беделінде. Тыңдармандар құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғаныстан, Ресей елдерінен 40-тан аса үздік студент, магистрант пен докторант шақырылды. Жазғы мектепті ұйымдастырушы лекторлар құрамын Қазақстан және АҚШ университеті мен ғылыми-зерттеу институттарынан танымал сарапшылар Грегори Глиссен, Елена Масторс және тағы басқалар толықтырды. Жазғы мектеп жұмысына бастапқыда Нью-Мексико университетінің американдық студенттері қатысып, ортаазиялық замандастарымен дәрісте, дискуссияда және семинарларда пікір алмасу мүмкіндігіне ие болады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі