ҚазҰУ-да Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығының қолдауымен жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті және ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік шараның құрметті қонақтары КазҰУ-дің Бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркітбаев, имидждік саясат және қоғаммен байланыс Департаментінің директоры Дәурен Дюсебаев, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы Чжан Вэй мен вице-консул Го Синь Цзяо, және де консулдің орынбасары Ван Син Пин мен дүниежүзі қазақтары қаумдастығының директоры Айбөпе Мақұлбекова болды.
Бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркітбаев университетіміздің әлем алдындағы лайықты орны мен жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің алдында тұрған биік мақсаттарды ерекше атап өтті. Сонымен қатар аталмыш шараны ұйымдастырушылар мен қонақтарға алғысын білдіре отырып, шетелдік студенттерді оқыту барысында үлкен табыстарға қол жеткізуге өз сенімін білдірді.
ҚХР Бас консулы Чжан Вэй қытай жастарын оқытудағы жемісті нәтижелерді атап, университет басшыларына өз алғыс айтты. Көп жылдар бойы жалғасып келе жатқан қытай студенттерінің оқу барысындағы жетістіктері Қазақстан және Қытай елдерінің арасындағы достығын нығайта түсіп, жемісті қарым-қатынасты одан әрі жандандыруға жол ашады деді.
Іс-шара барысында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдік студенттер әртүрлі жанрларда қазақ, орыс, қытай тілдерінде тартымды өнер көрсетті, содай-ақ қонақтар мен студенттерге қосылып «Қаражорға» биін билеп "Армысың әз-Наурыз" шарасы барша жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті