- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Сенімді серіктестік!
24.10.2018ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ҚР Президенті Архивінің директоры Жəмилə Əбдіқадыровамен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаның басымдылық бағыттарына сай мамандарды даярлау, түлектерді жұмысқа орналастыру, Халықаралық жас архившілердің жазғы мектебі туралы мәселелер талқыланды.
Дуалды оқыту жүйесі кәсіби мамандарды даярлауда ең тиімді формаларының бірі, ол студенттерге кәсіби білім беруде мекеменің тікелей қатысуын көздейді. Осыған орай, ҚР Президентінің Архиві, архив ісі және құжаттану саласындағы мамандарды даярлаудағы негізгі серіктесі, бүгінгі күні ҚазҰУ түлектері архив қызметкерлерінің маңызды бөлігі болып табылады.
ҚР Президент Архивінің директоры Жәмила Әбдіқадырова өз кезегінде, «Мұрағаттану, құжаттану және басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету», «Тарих» мамандықтары бойынша архивтің базасында өткізілетін практикалық сабақтар, студенттердің білімдерін алу ғана емес, сонымен қатар кәсіби дағдыларын машықтауға, кәсіби ортаны сезінуге және өздерінің болашақ басымдықтарын анықтауға мүмкіндік береді деді.
Архивтің ҚазҰУ-мен ынтымақтастығы оқу үдерісіне ғана емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарын да қамтиды. Архивтанудың әр түрлі мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференция өткізеді, оған ҚазҰУ оқытушылары, студенттері мен магистранттары белсенді атсалысады. Жұмыс беруші ретінде, ҚР Президент архиві жоғары сапалы мамандар даярлауда өз үлесін қосуда. Кездесу нәтижесінде дуалды білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар ҚР Президенті Архиві мен ҚазҰУ 10 жылға жуық байланысқан серіктестікті одан əрі жалғастыру мақсатында ҚР Президенті Архивінде "Мұрағаттану, құжаттану жəне құжаттамамен қамтамасыз ету" мамандығының филиалын ашу мен дуалды білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.