Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті шорт-тректен Қарағанды қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 1-орын алды.
Аталмыш чемпионатта Қазақстан қалаларынан 80-ге жуық команда қатысты.
"Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 2 курс студенті Нұрлыбек Бейсеев қостанайлық Қуандық Сүлейменов, Юртюба Даниэль мен астаналық Жолдас Дінмұхамедтен басып озып 500 метр қашықтықта бірінші болып келді.
Ал 1000 метр қашықтықта қостанайлық Қ. Сүлейменов пен астаналық Д. Жолдас және Ж. Санжарды тағы да айқын басымдылықпен озған Н. Бейсеев жеңіс тұғырынан көрінді.
Шорт-тректен 2016 жылы Еуропа кубогының 500, 1000 және 1500 метр қашықтық бойынша жеңімпазы атанған Нұрлыбек Бейсеев шорт-трекпен кәсіби түрде сегізінші жыл айналысып келеді.
Шорт-трек конькимен жылдам жүгіретін спорт түрі, жарысқа бірнеше спротшы қатысады, олар арнайы төселген жолдар бойынша белгілі бір қашықтықта сырғанаа арқылы сайысқа түседі. Жалпы шорт-трек Қарағанды қаласында 80-жылдардың ортасында дами бастаған болатын. Сол кезден бастап Шорт-тректі үйрететін "Динамо" және "Буревестник" БЖСМ (балалар-жасөспірімдер спорт мектебі) дамып, спорт мектептерінде және жалпы білім беру мекемелерінде сыныптар ашыла басталған.
www.kaznu.kz
Баспасөз қызметі