ҚазҰУ-да Еуропалық Одақтың ERASMUS + жоғары білім беру саласындағы жобалық әлеуетін арттыру (CBHE) DIREKT бойынша семинар тренинг өтті.
Шараның ашылуында ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М. Бүркітбаев қоғамдағы құрылымдық өзгерістер оның ақпараттануы және қазіргі заманғы дамудың негізі білімнің рөлі жоғары оқу орындарының стратегиясын ғана емес, сонымен қатар университет кітапханаларын анықтайтын білім беру жүйесін өзгерту маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол «Жаһандану дәуірінде ақпараттық ресурстардың рөлі өте маңызды. Бүгінде студент, профессорлар мен жас ғалымдар ғылыми зерттеулермен айналысуда дұрыс материалды таңдап, сандық ақпарат әлемінде плагиатизмден аулақ болуы керек. ҚазҰУ кітапханасының заманауи талаптарға сай жауап беретін ғылыми жетілдіру мен техникалық даму және технологиялық дайындыққа назар аударуы университеттің жетістігіне тікелей әсер етеді»,– деді бірінші проректор.
Өндірістен қол үзбей оқу мен ғылыми білімге негізделген экономиканың транс-аймақтық ақпараттық сауаттылығын дамыту (DIREKT)) жобасы бойынша өткен оқу-әдістемелік семинарға шетелдік серіктестер де қатысты.
Жүзеге асырылатын шараның мақсаты - жобаны іске асыру сатыларының тиімділігін бақылау, жобаның әсер етуі мен тұрақтылығын, мақұлданған жоба жоспарына оның тиімділігіне және жобаның нәтижелерін тарату стратегиясына сәйкес нәтижелер мен жетістіктерді талқылауды көздейді. Бұл шара 2018-2019 жылдарға арналған жобалық бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
www.kaznu.kz