Биология және биотехнология факультетінің деканы профессор Болатхан Заяданның шақыртуымен соңғы үш жылда қатарынан «Биология» номинациясы бойынша, Web of Science дерекқорын құрушы Clarivate Analytics компаниясының сыйлық иегері, Ресей ғалымы Сүлейман Ифхан биотехнология кафедрасында докторанттар мен жас ғалымдарға дәріс оқуда.
Қазіргі таңда ол РҒА өсімдіктер физиологиясы Институтының басқарылмалы фотобиосинтез зертханасының меңгерушісі, РҒА биологияның іргелі мәселелері институтының бас ғылыми қызметкері, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры. Ғалымның қатысуымен университет қабырғасында нанотехнология бағытындағы жаңа зерттеулерге, оның ішінде балама энергия көзі ретінде пайдаланылатын молекулалық сутегін алу мақсатында ақуздық құрылымдарды пайдалана отырып жасанды фотосинтез жүйесіне және биоотын өндірісі үшін фотосинтездеуші дақылдарды пайдалану бағытына арналған дәрістер оқылатын болады.
www.kaznu.kz