Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен «Бизнесмены» атты фильмнің түсірілім тобымен кездесу өтті.
Аталмыш кездесуде кинорежиссер, сценарист, продюсер Ақан Сатаев, актер Санжар Мәди, фильм продюсері Ернар Құрмашев және блогер Бейбіт Әлібеков пен факультет оқытушылары және де студенттері болды.
Іс-шара барысында қонақтар бүгінгі Қазақстан кинематографиясының қалай дамып келе жатқандығы туралы, отандық киноның әлемдік аренаға шығу мүмкіндіктері мен көрермен қауымның қызығушылығы және де «Бизнесмены» фильмі туралы әңгіме өрбітті. Осы орайда айта кету керек «Бизнесмены» фильмінің кейбір эпизодтары ҚазҰУ қалашығында түсірілген болатын.
Фильм режиссері Ақан Сатаев балалық шағынан өмірін киноиндустрияға арнауды армандап, мектеп бітірген соң Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына түскен. Ал кинодағы мансабын жарнамалық роликтер түсіруден бастаған Ақан Сатаев студенттердің қалай табысты режиссер атануға болатыны жайлы сұрағына талпыныс, жұмысқа деген махаббат және талант керек деп жауап берді.
Кездесу «Она», «Жау жүрек мың бала», «Районы», «Анаға апарар жол», «Рэкетир» және басқа да фильмдер үшін Ақан Сатаевқа өз алғыстарын білдірген студенттер аталмыш кездесуден ерекше әсер алды. Шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қазақстандық кино жұлдыздарымен селфи жасады.
Халықаралық қатынастар факультеті