2018 жылдың 24-28 қазан аралығында Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Чан Бенг Сун мен Мионг Сун Ок шақыртылған профессорлар ретінде Нью-Делидегі Джавахарлал Неру университетінің Тілтану, әдебиеттану және мәдениеттану мектебінде студенттер, магистранттар мен докторанттарға арналған Азия қауымдастығы курстарының арнайы дәрістеріне қатысты.
Аталған профессорлар «Солтүстік Кореяның ядролық қаруы көмегімен Шығыс Азиядағы қауіпсіздікті сақтау» және «Азия қоғамдастығы және бірлік» тақырыптарында дәріс оқыды. Бұл курс «One Asia» қорының халықаралық «One Asia» жобасы аясында өткізілді. JNU (Джавахарлал Неру университеті) лекторларды қолдау ретінде оларға қаламақы төлеп, авиабилеттермен және тұратын жермен қамтамасыз етті.
Чан Бенг Сун мен Мионг Сун Ок 2017 жылдан бері бірнеше рет Комплутенстегі Мадрид университетінде (Испания), Мадрид автономиялық университетінде (Испания), Тай Сауда Палатасының университетінде (Бангкок, Таиланд) «One Asia» жобасын жүзеге асыру мақсатында дәрістер оқып келеді.
«One Asia» қоры «Азия қоғамдастығы» бағдарламасына қатысушы университтеттер мен ғалымдарға қаржылай көмек көрсетуде. Қордың мақсаты – азия елдерінің гүлденуі, тұрақтылығы және бейбіт қатар өмір сүруі. Қазіргі таңда бұл жобаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен JNU-ді қоса алғанда әлемнің 300-ден астам университеттері кіреді.
Қиыр Шығыс кафедрасы
www.kaznu.kz