Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы "Қазақстан жастары - 2018" ұлттық баяндамасын көпшілік қауымның назарына ұсынды.
Аталмыш шараға белгілі саясаттанушылар, мемлекеттік органдар мен республикалық жастар ұйымдарының өкілдері,қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар саясаты саласындағы сарапшылар мен мамандары қатысты. Сонымен қатар ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері де талқылауға қатысып өз пікірлерімен бөлісті.
Көпшіліктің назарына ұсынылған зерттеу нәтижелерінде жастарға қатысты көптеген мәселелер көрсетілген. Атап айтар болсақ әлеуметтік, саяси, білім және ғылыммен қатар жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту, денсаулық сақтау мен дін мәселесі талқыланды. Сонымен қатар құқық бұзушылық салаларындағы жастардың жағдайына талдау жүргізілді. Жастар саясатын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын жиналған көпшілікке ұсынды. Және де жастардың мәдениеті мен дүниетанымының қандай бағытта дамып жатқандығы, қоршаған ортадағы белсенділігі мен қоғамдағы болып жатқан көптеген мәселелерге деген көзқарастар туралы да сұрақтар қозғалды.
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры "Ұлттық баяндамада ағымдағы жылы жастар туралы барлық қоғамдық маңызды деректер тіркелген. Көші-қон, Неке және ажырасу мәселелері жөніндегі ақпараттан қылмыс пен ауру деңгейі жөніндегі мәліметтерге дейін. Бұл статистика мәліметтер біздің өз зерттеулеріміздің нәтижелері. Баяндама жастар үшін ғана емес, шешім қабылдайтын мемлекеттік органдар үшін де үлкен көмек болады деп ойлаймыз. Және де іріктеу көлемі 2000 респондентті құрағанын атап өткен жөн,-деді Талғат Қалиев.
Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы
www.kaznu.kz