- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы
25.01.2019Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультеті ұйымдастыруымен «XXI ғасырдағы ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы» атты Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Ұлы Даланың Жеті қыры» мақаласында қойылған міндеттерді шешуге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияға басты пленарлық мәжілісінде тақырып төңірегінде баяндама оқып, пікір білдірген бірқатар ғалым, зерттеушілер қатысты. Олар: ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Көмеков Болат Ешмұхамедұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, филол.ғ.д., профессор Қажыбек Ерден Задаұлы, ҚР ҰҒА құрметті академигі, Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерделеу республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, т.ғ.д., профессор Омарбеков Талас Омарбекұлы, Тұран-Иран ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филол.ғ.д., профессор Жеменей Ислам, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Кабульдинов Зиябек Ермұханұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Геттинген университетінің құрметті профессоры Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, т.ғ.д., профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Төлеубаев Әбдеш Ташкенұлы.
Академик Б.Е. Комеков «Ұлы Дала өркениетінің құндылықтары туралы» баяндамасының аясында, пәнаралық синтез негізіндегі көшпелілердің этно-мәдени құндылықтарының тарихи белгілерін, көшпелілер қоғамы институтының саяси және этноәлеуметтік іргетасының маңыздылығын анықтады. ҚР ҰҒА құрметті академик Т.О. Омарбеков «Ұлы Даладағы тарихи тұлғаның орны мен маңызы» атты баяндама оқыды.
Конференция барысында Қазақстанның жаһандық тарихтағы нақты рөлін көрсету мен бағалуға қатысты түйінді мәселелер, XXI ғасырдағы ұлттық тарихи сананы қалыптастыру жолдары мен қоғамның жаңғыру мәселелері талқыланды.
Тарих, археология және этнология факультеті