Жаңалықтар

Тәлімгерлер тағылымдамасы

19.02.2019

Механика-математика факультеті механика кафедрасының бір топ магистранттары ECM Space Technologies GmbH, Берлин техникалық университетінің еншілес өнеркәсібінде (Германия) «Индустрия 4.0 – Сандық революция» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтіп қайтты.

Тағылымдама барысында магистранттар «Дәстүрлі салаларға қатысты индустрия - 4.0 мәселелері», «Өндірісті автоматтандыру», «Машиналық оқу», «Интеллектуалды ақпараттық жүйелер» тақырыптарында дәрістер тыңдап, технологияның даму траекториялары, олардың бизнес және өндіріспен байланысы туралы мәліметтер алды. «Өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясы» (Теории Решения Изобретательских Задач - ТРИЗ) бойынша профессор М.А.Орловтың шеберлік сабағына қатысқан тәлімгерлер арнайы сертификаттарға ие болды. Сондай-ақ олар индустрии - 4.0 бойынша BMW және Volkswagen компанияларының өндірістік бөлімдеріне экскурсия жасап, өндірісті автоматтандыру әдістері, автомобильдер мен мотоциклдерді жасау процестерімен танысты.

Механика кафедрасы

 

www.kaznu.kz