Жаңалықтар

Кәсіподақ стратегиясы

21.02.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының конференциясы өтті. 

Мінбеге алғашқы болып шыққан «Парасат» қызметкерлер  кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев 2018-ші жылдың нәтижелеріне есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Конференцияда әлеуметтік еңбек, құқықтық және экономикалық қорғау, демалыс, денсаулық сақтау жұмыстарын жақсартуға бағытталған іс-шаралардың нәтижесі айтылды. Сондай-ақ қызметкерлерді қолдау мақсатында шипажайлық-курорттық емдеу турлар және «Өз мамандығының шебері» атты жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын байқаудың да қызметкерлер үшін маңыздылығы жоғары екендігі де айтылды. Одан бөлек «Тазалық байқауы», «Ең үздік жатақхана сынды» көптеген байқаулар ҚазҰУ қызметкерлерін сауатты бәсекелестік пен ұйымшылдыққа баулитынын жеткізді. Ал кәсіподақ ұйымының мүшелері жыл бойы жасалған жұмысқа баға беріп, өз ұсыныстары мен тілектерін жеткізді. 

Конференцияда сөз алған әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Ерболқызы «Парасат» кәсіподағының әрдайымда белсенді әрі өз жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарайтынын айтып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.  

«Парасат» кәсіподағы

www.kaznu.kz