Жапонтану апталығы аясында профессор Иноуэ Кен және Коучи университетінің студенті Ёщида Щёгомен кездесу өтті.
Кездесу барысында Коучи университетінің профессоры Иноуэ Кен жиналған қауымға дәріс оқып, өз білімімен бөлісті. Профессор дәрісіне студент, магистрант және докторанттармен қатар кафедра оқытушылары да белсенді қатысты. Тыңдаушыларына арнап профессор қызықты да танымдық тұрғыда пайдалы мәлімет айтып, Жапонияның мәдениеті, тарихы, тілі мен діні сынды негізгі аспектілерге баса мән берді. Әңгіме барысында тыңдаушылар профессорға өз сауалдарын қойып, анық әрі нақты жауаптар ала алды. Осындай кездесулер жапон тілін меңгеруге талпынып жүрген әрбір студент үшін ой-өрісін кеңейтуге әрі білімін шыңдауға көмектесетін таптырмас мүмкіндік. Бұл өз кезегінде Жапон университеттерімен білім және ғылым саласындағы байланыстарын нығайтуға септігін тигізері анық.
Кезекте Коучи университетінің студенті Ёщида Щёго «Жапониядағы медицина және денсаулық» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте Жапониядағы денсаулық сақтау жүйесі, жапондықтардың өмір сүру ұзақтығы мен құпиясы, ана мен бала денсаулығын қорғау турасы айтылды. Дәрістен кейін жапонтану кафедрасының бірінші курс магистранттары Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін талқыға салды. 3-4 курс студенттері мен магистранттар жапондық мамандарға сұрақ қойып, екі елдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі айырмашылықтар туралы пікір алмасты.
Қиыр Шығыс кафедрасы
www.kaznu.kz