Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы «Шет тілін оқыту мен аударудың заманауи әдістері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.
Оған Республиканың жоғары оқу орындары мен колледждерінің 80-нен астам шет тілі оқытушылары, сондай-ақ Канада, Франция және Швейцариядан келген шетелдік профессорлар қатысты. Женева университетінің профессоры А. Ақкари онлайн режимінде өте мазмұнды және қызықты сөз сөйледі. Оның сөз сөйлеуі семинарға қатысушылар арасындағы пікірталасқа түрткі болды.
Сондай-ақ, «XXI ғасырдағы шет тілдерін оқытудың заманауи әдістері» атты баяндама Лейкед (Канада) университетінің ғалымы Сэт Агбо, ал француз тілі оқытушыларына арналған «Арнайы мақсаттар үшін француз тілін оқыту» тақырыбында профессор Халид Фатес (Франция) дәріс оқыды.
Семинар тәжірибе алмасу, шет тілдерін оқытудың жаңа әдістері мен технологиялары және аударма ісіне оқыту үшін жақсы алаң болды.
www.kaznu.kz