2019 жылдың 27-29 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен тарих, археология және этнология факультеті ұйымдастыруымен, дәстүрлі «Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиадасы» өткізілді. Республикалық олимпиадаға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес алғашқы кезең онлайн-тест түрінде өткізіліп, оған жалпы 1640 оқушы қатысып, екінші кезеңге 1314 оқушы іріктеліп өткізілді. Екінші турдың жалпы ережесіне сәйкес тапсырмасы ғылыми жұмыс жазу болып, 283 жұмыс келіп түсті. Ғылыми жұмыстар келесі тақырыптар төңірегінде қамтылуға тиіс еді: Тарихи өлкетану, Қазақстан мұражайлары, Қазақстанның археологиялық ескерткіштері, Қазақстан халқының тұрмысы мен мәдениеті, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтардағы орны, Ұлы жібек жолы, Шығыстың ортағасырлық өркениеттері, Батыс Еуропадағы гуманизм мәселелері, Алаш қозғалысы, Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет, Қазақстанның рухани жаңғыруының жолдары, Қазақстанның тарихи тұлғалары, Киеліжердің туризмі.
Оның ішінде 147 Қазақстан тарихы пәні бойынша және 136 жұмыс Дүниежүзі тарихы пәні бойынша бөлінді. Арнайы құрылған сараптмалық топтың кеңесінің шешімі бойынша, ақтық сынға 30 жұмыс жіберілді. Екінші кезең Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Тарих, археология және этнология факультеті негізінде өтті. 29 наурыз күні екінші тур қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстардың иегерлері анықталып, мадақтау грамоталарымен мараппатталды.
www.kaznu.kz