- Негізгі бет
- Жаңалықтар
ҚазҰУ мен Токио Университеті арасындағы форум
21.03.20192019 жылы 15 наурызда шығыстану факультетінде қысқы мектеп аясында Қиыр Шығыс кафедрасы мен Токио университетінің гуманитарлық факультетінің қатысуымен студенттік форум болып өтті. Студенттер оқу ерекшелігі, мәдениет, сонымен қатар өздерінің қызығушылықтары туралы айтып, форумға белсене атсалысты. Форумда пайдаланылған тілдер: ағылшын және жапон тілі. ҚазҰУ атынан бірнеше студент сөз сөйледі. 1 курс магистранттары «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында презентация қорғап, сол ойындардың кейбіреулерін ойнатты. Жапониядан келген қонақтар асық ойнап көріп, қазақ пен жапон ойындарының ұқсастықтарын табуға тырысты. Сол ойындардың кейбіреулерін өздері ойнағысы келгендерін айта кеткен жөн. «Шығыстану» мамандығы 3 курс студенті Ыбышева Дина «Жасыл Жүрек» шағын кәсіпкерлік тәжірибесі негізінде Қазақстандағы пластмасса мен қағазды қайта өңдеу бойынша экологиялық жобасы туралы айтып өтті. Бұл презентацияға қызығушылық көрсеткендер көп болды. «Шетел филологиясы» мамандығының 3 курс студенттері Қазақстан мәдениеті: ұлттық музыка, әдебиет, кино туралы презентация жасады. Бұл презентация барысында шетелдік студенттер қазақ ұлттық музыкасына биледі. Сондай-ақ, «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенттері презентация қорғап, жапон тілдерін жоғары деңгейде көрсетті. Форумның екінші бөлімінде Токио университетінің студенттері сөз сөйледі. Бірінші презентация университет пен білім беруге арналды. Студенттік өзін-өзі басқару, өздері ұйымдастырған іс-шаралар туралы тыңдау өте қызық болды. Мысалы, университеттегі күзгі фестивальда студенттер пластмасса емес бұйымдарды пайдалануды ұсынып, бұл шарадан соң студенттердің өздері қоқыстарды жинап, қоқыстың 75% қайта өңделген. Студенттердің бірі «Но театры» студенттік клубының мүшесі екен. Форумда ол өзінің актерлік шеберлігін көрсетті. Соңғы презентация «Оригами өнеріне» арналды. Автор осы өнердің ерекшеліктері туралы айтып өтті. Барлығы аяқталған соң фуршет болды. Қатысушылар өзара пікір алмасты. Жапондық студенттер шай рәсімін (шайды қалай жасау керек және қалай дұрыс ішу керек) көрсетті. Қонақтар ұлттық киімде би билеп, осылайша сый тарту етті. Форум естелік суретке түсіп, контактілермен алмасумен аяқталды.
Форумның өткізілуі екі университеттің қарым-қатынасының нығаюына, мәдениеттердің тоғысуы мен өзара ықпалдастығына әкелді десек болады.