Жаңалықтар

Оксфордттағы тағылымдама

03.04.2019

ҚазҰУ-дың 26 магистранты Times Higher Education World University Ranking рейтингісі бойынша әлемдегі №1 университет саналатын Оксфорд университетінде (University of Oxford) ғылыми тағылымдамадан өтуде. 

Қазақстандық студенттер «Introduction to Science» атты арнайы ұйымдастырылған курс аясында көп ғасырлық тарихы бар бұл университетте ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне алғаш ие болды. Курсты ұйымдастырушы Оксфорд университетінің география және қоршаған орта мектебі (School of Geography and the Environment, University of Oxford). Тағылымдама бағдарламасы көп пәнді тәсілдеме негізінде жетілдірілген. Интенсивті бағдарлама теория мен тәжірибенің синтезі болып табылады. Магистранттар Оксфордтағы жетекші профессорлардың дәрістерін тыңдап қана қоймай, өздерінің зерттеулерін ұсынып, ғылыми зерттеулер әдістемелері мен жоспарлауды нақты мысалдар негізінде үйренеді. Оксфорд университетінің инфрақұрылымымен танысуға айрықша көңіл бөлінеді. География, биология, химия, физика, археология және басқа да салалардағы зерттеушілерді біріктіретін зертханаларға бару магистранттар арасында аса қызығушылық тудырды. Оксфорд университеті профессорларымен тығыз байланыс орнату болашақта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен әлемдегі ең үздік университеттер арасындағы тиімді ынтымақтастыққа жол ашпақ.

www.kaznu.kz