- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жапониядағы ғылыми сапар
03.04.2019Жапон тарапының шақыруы бойынша ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев бастаған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы Цукуба (Жапония) Университетінде болды. Делегация «The 1st SDGs Research Workshop on Nippon-Foundation Central Asia-Japan Human Resours Development Project (NPCA Project)» семинарының жұмысына қатысты.
ҚазҰУ делегациясының университет аумағында болуына байланысты қазақстандық ту көтерілді. Кездесу барысында бірінші проректор М. Бүркітбаев семинарға қатысушыларды тұрақты даму саласындағы ҚазҰУ-дың негізгі жетістіктерімен таныстырды. ҚазҰУ делегациясының мүшелері тақырып бойынша презентациялар ұсынып, Campus-in-Campus (CiC) бағдарламасы аясында шолу жасады. Сондай-ақ, делегация параллельді сессияларға қатысып, ҚазҰУ-да жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.
Цукуба Университеті Жапонияның ең жоғары рейтингті және ең ірі университеттерінің бірі болып табылатынығын айта кеткен жөн. Цукуба университетінің «Campus-in-Campus» (CIC) басты жаһандық жобасы Трансшекаралық Университеттік Бастамалар арқылы болашақ үшін жоғары білімді трансформациялауға бағытталған. CIC шеңберінде әлемнің жетекші университеттерімен жақын жемісті серіктестік қарым-қатынастар құрылуда. Ынтымақтастық шеңберінде серіктестік мекемелерде кампустарды бірлесіп пайдалану көзделген, бұл тараптарға тиісті зерттеу және білім беру ресурстарын қандай да бір ұлттық немесе институционалдық кедергілерсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Серіктес-университеттер (CIC) тиісті жетістіктерді ескере отырып және талдай отырып, конкурстық негізде іріктеледі
CIC схемасы бойынша серіктес университеттер алмасу студенттерінің, оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлердің ұтқырлығын арттырады деп күтілуде. 2023 жылға қарай Цукуба Университеті 13 шетелдік серіктестен, оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды қоса, CIC құруды жоспарлап отыр.
Campus-in-Campus өзара байланыс бағдарламасын талқылау аясында Цукуба Университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры проф. Satoshi Shimizu қатысуымен семинар өткізілді.
Келіссөздер барысында тараптар университеттер арасындағы коллаборация жоспарын талқылап, бірқатар табиғи және гуманитарлық бағыттарын анықтады.
Сондай-ақ, тараптар «Campus-in-Campus» келісім-шарты негізінде әл-Фараби Орталығына кеңсе ашу мәселесін талқылады. Тиісті шартқа Цукуба Университеті делегациясының қыркүйек айында ҚазҰУ-ға сапары кезінде қол қою жоспарланып отыр.
Цукуба Университетінде жапондық «Ниппон» қоры қаржыландыратын Sustainable Development Goals in Central Asia зерттеу бойынша жаңа магистрлік бағдарлама іске қосылды. Бағдарлама Орталық Азия мен Әзірбайжан елдеріне арналған және оны қаржыландыру мерзімі бір жарым жылға есептелген. Бағдарлама Орталық Азия мемлекеттерінде тұрақты дамумен, сондай-ақ олардың Жапониямен қарым-қатынасымен байланысты түрлі мәселелерді шешуде адами ресурстарды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған. ҚазҰУ оқытушылары мен магистранттары аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға қатыса алады. Бағдарлама түлектері академиялық және зерттеу мекемелерінде, БҰҰ, үкіметтік мекемелер мен корпоративтік секторда жұмыс таба алады. Ең үздік студенттер конкурстық негізде стипендиямен (жылына 5 стипендия) марапатталады. Әрбір шәкіртақының ай сайынғы сомасы – 117 000 йен (сома өзгеруі мүмкін). Сонымен қатар, стипендия студенттердің оқуын ақтайды. Шәкіртақылар Жапон және басқа да шетелде де конференциялар мен іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді.
Химия және химиялық технология факультеті
Химия және химиялық технология факультеті