Жаңалықтар

Карачиден келген қонақ

06.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Тілекқабыл Рамазановтың Қараши қаласында (Пәкістан) университетінің химия ғылыми-зерттеу институтының профессоры Муххамад Икбал Чоулдхаримен кездесуі өтті.

Тараптар университеттердің ғылыми-білім беру қызметі мен әлеуетін талқылады.

2015 жылы Карачи (Пәкістан) Халықаралық орталығында ҚазҰУ-дың Фитохимия зертханасы ашылды. Осы орталықта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің жас ғалымдары мен студенттері әртүрлі ауруларға қарсы қауіпсіз және тиімді фитопрепараттарды жасау бойынша озық іргелі зерттеулермен айналысады. Препараттар жергілікті шикізат материалы негізінде жасалады. Орталықта сондай-ақ жергілікті және әлемдік фармацевтикалық нарық үшін өсімдік препараттарын әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Профессор Муххамад Икбал Чоулдхари Карачи қаласындағы университеттің химия ғылыми-зерттеу институтының қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндап, биология және химия саласындағы бірлескен ынтымақтастықтың кеңеюіне үміт білдірді.

Профессор бүгінгі таңда олардың діңдік жасушаларды, генетикалық зерттеулер мен нейрондық байланыстарды зерттеу бойынша тереңдетілген жұмыс жүргізілетін клиникалық зерттеулердің үлкен медициналық орталығы бар екенін атап өтті.

Кездесу барысында студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамның академиялық ұтқырлық және тәжірибе алмасу мәселелері мен медицина, химия және биология салалары бойынша алдағы уақытта ортақ ғылыми жобаларды қолға алу мәселелері талқыланды.

Kaznu.kz