Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың құрметті докторы атағы берілді

08.04.2019

Ғылыми кеңесте Қазақстан Республикасының химия ғылымының дамуына қосқан зор үлесі және Карачи университеті (Пәкістан) мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы Халықаралық химия және биология ғылымдары орталығының 20 жылдық жемісті ынтымақтастығы үшін профессор Мұхаммед Икбал Чаудриге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті докторы атағы берілді.

Профессор Мухаммад Икбал Чаудхари (Muhammad Iqbal Choudhary) органикалық химия, табиғи қосылыстар химиясы, биотехнология және биохимия саласында әлемге танылған ғалым және Карачи университетінің (Пәкістан) халықаралық химия және биология ғылымдары орталығының директоры болып табылады.

Ол Пәкістан Ислам Ғылым Академиясының және Ғылым Академиясының толық мүшесі; Америка, Азия, Швейцария, Нидерланд химиялық және халықаралық фундаменталды және қолданбалы химия қоғамының және т.б. қоғамының мүшесі; Икбал Чаудри Корнел (Нью-Йорк), Пурду (Индиана), Пенсельвания (Пенсельвания) университеттерінің, океанография институтының (Калифорния) және т. б. құрметті профессоры болып табылады.

Икбал Чаудри– «Sitara-i-Imtiaz», «Tamgha-i-Imtiaz» құрметті мемлекеттік наградаларының, Пәкістан Ғылым Академиясының алтын медалінің, Корольдік химия қоғамының, Ислам Ғылым Академиясының, Пәкістан Ғылым Академиясы наградаларының, сондай-ақ химия ғылымына қосқан үлесі мен жетістіктері үшін халықаралық деңгейдегі көптеген сыйақылардың иегері.

Доктор Икбал Чаудри АҚШ, Еуропа және Азияның жетекші халықаралық басылымдарында жарияланған 800-ден астам басылымға ие. Ол Еуропа мен АҚШ-та 24-тен астам кітап шығарды. Бүгінгі күні ол ғылыми жорналдарда жиі жарияланып жүрген ғалымдардың бірі болып табылады. Соңғы 5 жылда оның ғылыми жазбаларына жасалған сілтемелер саны 3000-нан асып, мақалаларының жиынтық импакт факторы 825, ал Хирша индексі 64-тен астам.

www.kaznu.kz