- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Ортақ мүдде
09.04.2019VI Халықаралық «Фараби оқулары» форумының аясында ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінде Лотарингия университетінен (Франция) және Karadeniz Technical University Trabson (Түркия)жоғары оқу орындарынан келген шетел профессорларының дәрістері өтті. Ғалым-биологтардың дәрісіне факультет студенттері мен оқытушылары топырақ пен қоршаған ортаны сақтаудың әдіс тәсілдері бойынша ақпар алып, көкейлерінде жатқан сауалдарына жауап алу үшін келді.
Бүгінде ғаламшарымыздағы организмдердің барлық биологиялық түрлерінің 1/4-нан астамы өмір сүреді және топырақ есебінен адам өзін қажетті азықтың 95 пайызын алады. Қоршаған ортаның органикалық заттармен ластануына байланысты жер 24 млрд. тонна құнарлы топырақтан айырылуда. Ал бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына кері әсерін тигізеді. Ғалымдардың пікірінше, топырақтың ластануын алдын алуға бағытталған биологтардың технологиялық ғылыми әдістері, тұтынушыларға жеткізілетін тағамдық тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады, дегенді ҚазҰУ да өткен дәріс сағатында шетелдік ғалымдар мәлімдеді.
Топырақ сапасы мәселесін айта келе, ғалымдар университеттерде жүргізіліп жатқан зерттеулерге назар аударды. Сондай зерттеулермен Лотарингия университетінің зертханасында айналысып жатқан ҚазҰУ-дың PhD докторантыда бар. Айта кететіндігі, университеттер арасында көп жылдық ынтымақтастық арқасында көптеген магистранттар мен PhD докторанттары қос диплом бағдарламасы бойынша білім алып, тағылымдамадан сәтті өтті.
Ғалымдар атап өткендей, Қазақстан қарқынды әрі тез дамып келе жатқан ел. «Бұндай үрдіс жұмыстың жандануына серпін беретіндігі сөзсіз. Мысалы, бүгін дәрісден кейін студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Яғни бұл жастар тарапынан қызығушылықтың барын білдіріп қана қоймай, жаңа білім алуға деген құштарлығын және дамуға шын мәнінде мүдделі екендігінің дәлелі. Бұл мені ҚазҰУ- дың студенттері мен әріптестеріммен жұмыс істеуге шабыттандырады», - деп атап өтті Karadeniz Technical University Trabson (Түркия)университетінің профессоры Зини Демирбаг.
Шетелдік ғалымдардың келуі Эрасмуз+ бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр және аталмыш жоба қос диплом бағдарламасымен Франция университетінің негізінде тағылымдамадан өту үшін жаңа магистранттарды тартуға бағытталған.
«Мен ҚазҰУ-ға алғаш рет келдім. Бұл әрбір студент үшін үлкен арман деуге болады. Табиғат пен тамаша ландшафт, керемет кампус бар. Сондай-ақ биология факультетінің мұражайы да мен үшін күтпеген сый болды. Мұндай мұражайлар сирек кездеседі және оны мақтан тұтуға тұрарлық. Біздің ынтымақтастығымыз әрі қарай жалғасын табады деп үміттенемін, ортақ жобалар мен идеяларды бірлесіп жұмыс істейтін боламыз», – деді өз сөзінде Лотарингия университетінің ғалымы Сирил Фейли.
VI Халықаралық «Фараби оқулары» форумы аясында биология және биотехнология факультетінде шетелдік қонақтардың қатысуымен көптеген іс-шаралар мен кездесулер өтеді.