Жаңалықтар

Қазақстандық геология және минералогияны дамытудың өзекті мәселелері

10.04.2019

2019 жылдың 10-ші сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханасында VI Фараби оқулары халықаралық ғылыми конференциясы аясында география және табиғатты пайдалану факультеті академик Қ.И. Сәтбаевтің 120 жылдығына арналған «Қазақстандық геология және минералогияны дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге ҚР Ұлттық ғылым академиясының геология институтының, «GeoMineProject» ЖШС, ҚазҰЗТУ Қ.И. Сәтбаев тарихи мұра орталығының өкілдері және Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің профессорлар-оқытушылар құрамы, докторанттар және студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелінде академик Қ.И. Сәтбаевтің ғылыми үлесі мен жетістіктері туралы баяндама жасалынды, геология және минералогия мәселелері қарастырылды.

Ұсынылған баяндамалар дөңгелек үстелге қатысушылардан жақсы баға алды. Академик Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми жетістіктері және қазіргі геология мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындарында, оның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Геология» мамандығын енгізу мүмкіндіктері қарастырылды. Талқылау барысында жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде геология бағытында қажетті пәндердің саны ескерілу қажеттілігі айтылды. Оқу үдерісіне «Сәтпаев оқулары» пәнін енгізуді қарастыру шешім қабылданды. 

www.kaznu.kz 

 

www.kaznu.kz