ҚР тұңғыш Президенті Н. Назабаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетілген «Архив-2025» бағдарламасының негізгі бағыттары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан Республикасының Президент Архивінде «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «Архив ісі және құжаттану» оқу-өндірістік кафедрасының салтанатты ашылуы өтті.
«Архив ісі және құжаттану» оқу-өндірістік кафедрасының салтанатты ашу рәсімін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректор А.Қ. Хикметов пен ҚР Президент Архивінің директоры Ж.Ү. Әбдіқадырова ашты, сонымен қатар ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтының Бас директоры Б.Ә. Жапаров, тарих, археология және этнология факультетінің деканы М.С. Ноғайбаева, дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Г.С. Сұлтанғалиева, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары, ҚазҰУ оқытушылары, студенттері мен магистранттары қатысты.
ҚР Президент архиві әлеуетті жұмыс беруші ретінде ұзақ жылдар бойы әл-Фараби ат. ҚазҰУ мен дуалды оқыту, бірлескен Жас архившілердің жазғы мектебін ұйымдастыру, қалалық пәндік олимпиада, ғылыми-әдістемелік семинарлар, өндірістік және ғылыми-зерттеу тәжірибелерін өткізуде тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Өндірістің базасында осындай кафедраның ашылуы болашақта студенттер мен магистранттардың теориялық білімдерін іс жүзінде практикамен ұштастыруымен қатар үлкен оқу – әдістемелік орталығына айналатыны сөзсіз.
www.kaznu.kz