27 сәуірде Бішкек гуманитарлық университетінде 23-ші Орта Азиялық жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтті. Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 15 адам қатысты.
Іс-шара барысында шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының 3-4 курс студенттері Балтабай Сандуғаш, Тапенова Гүлден, Бақыткелді Сәулет және Базилбек Мәди қатысып, жапон тілінің жоғары деңгейін көрсетті. Олар сондай-ақ білім тәжірибесімен алмасып, Қырғызстан халқының мәдениетімен танысты.
Байқауды Қырғыз Республикасындағы Жапон тілі мұғалімдерінің қауымдастығы және Қырғызстандағы Жапония Елшілігінің қолдауымен К.Карасаев атындағы БГУ ұйымдастырды. Байқау демеушілері: Japan Foundation, «NH Tabi» туристік агенттігі, Nami & Co мәдениетаралық коммуникация орталығы, БГУ Жапон бөлімінің түлектері ассоциациясы және MEXT стипендиаттарының түлектері қауымдастығы.
Сайыстың қорытындысы бойынша Қиыр Шығыс кафедрасының 4 курс студенті Базилбек Мәди 5-ші орынды иеленді және БГУ жапон бөлімінің түлектері Ассоциациясының сыйлығына ие болды.
Бұдан басқа, барлық қатысушыларға SBT Japan акционерлік қоғамы, БГУ жапон филологиясы кафедрасы және түлек Ж. Мамашеваның ынталандыру сыйлықтары берілді.
Іс-шара соңында Жапонияның Қырғызстандағы елшісі Ёсихиро Ямамура резиденциясында конкурсқа қатысушыларды қабылдау кеші болды.
Сонымен қатар, 28 сәуірде БГУ-де жоғары оқу орындарындағы замануи оқыту әдістеріне қатысты жапон тілінің мұғалімдерінің халықаралық семинары өткізілді.
www. kaznu.kz