- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Қазақстан Жоғары Мектебінің Ұлттық Ғылым Академиясына 25 жыл толды
24.05.2019Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында Қазақстан Жоғары Мектебінің Ұлттық Ғылым Академиясы Президиумы мен жалпы жиналысының кеңейтілген отырысы өтті.
ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов өзінің кіріспе сөзінде маңызды кәсіби қоғамдық бірлестікке 25 жыл толып отырғанын атап өтті. Қазақстан Жоғары Мектебінің Ұлттық Ғылым Академиясы осы жылдарда заңнамалық, үкіметтік, ведомстволық тәрізді әртүрлі деңгейлердегі шешімдер қабылдаудағы ұсыныстарды әзірлейтін интеллектуалдық алаң қызметін атқарды, біз осылайша жалпы қоғамға ықпал етуге талпындық. Мәселелерді шешу негізінде:
- ғылыми-зерттеу мектебін құруда бастаушы болу;
- еліміздің алдыңғы қатарлы 20 жоғары оқу орнын таңдау критерийлерін анықтауда;
- оқу бағдарламалары мен студенттердің контингентін объективті және транспарентті негізде қалыптастыруда.
ҚЖМҰҒА президенті академик Ғалым Мұтанов салтанатты жағдайда бес ҚЖМҰҒА мүшелері, танымал ғалымдарға Қазақстандық ғылымның дамуына ерекше үлес қосқаны үшін «Қазақстан Жоғары Мектебінің Еңбек Сіңірген Қайраткері» төсбелгісін тапсырды.
«2018-2019 жж жұмыстардың қорытындысы мен академияның жаңа міндеттері» тақырыбындағы баяндамамен ҚЖМҰҒА бас ғалым хатшысы академик А. Купчишин сөз сөйледі. Бас ғалым хатшы академия жұмысының мазмұнын аша отырып ҚЖМҰҒА Қазақстандық қоғамдағы орны, Қазақстан Жоғары Мектебінің Ұлттық Ғылым Академиясының жобалары туралы аша айтты, Академияның халықаралық байланыстарына ерекше тоқталды.
А. Купчишин ғылым мен технологиядағы қазіргі трендтер туралы айта келе цифрландыру маселесіне тоқталды, ҚЖМҰҒА университтермен бірлесе отырып білім беру қызметтерін берудегі цифрлық форматтағы жаңа деңгейге көшуді «Жалпы ашық онлайн курстары» платформасында жүзеге асыруда.
ҚЖМҰҒА ғалым хатшысы А.И. Купчишиннің баяндамасын талқылауға Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар мен Әлем тілдері университетінің ректоры ф.ғ.д., профессор Салима Құнанбаева, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, б.ғ.д. жасұлан Шаймарданов, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, ф.м.ғ.к. Асқар Хикметов
белсенді қатысты.
Түстен кейін отырыс мүшелері «ҚР ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары» тақырыбындағы конференцияның жұмысына қатысты. Конференция аясында «Қазақстанның алдыңғы қатарлы 20 жоғары оқу орнын дамыту мен алға жылжытудың критерийлерін анықтау» тақырыбында ҚЖМҰҒА секретарь академигі М. Бүркітбаев баяндама жасады.
Соңында Ғалым Мұтанов ҚЖМҰҒА жаңадан сайланған корреспондент-мүшелері мен толық мүшелеріне куәліктер тапсырды.