Қиыр Шығыс кафедрасы Алматы қаласындағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Білім беру орталығы, Корея Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық тарих институтымен бірлесе отырып, Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулдығының қолдауымен Корея тарихын білу бойынша сайыс ұйымдастырды.
Сайысқа Қазақстанның ЖОО және мектептерден жалпы саны 399 білім алушы қатысты. Өткен жылы осындай сайыс АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізілген болатын. Биыл Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны осындай мәртебеге ие болып отыр. Корея тарихы бойынша өткізілген тест ҚазҰУ-дағы корейтану бөлімінде жоғары танымалдылыққа ие екендігін көрсетті. Шетелдегі корейтанумен айналысатын Кореяның жаңа үкіметтік мекемесімен орнатылған серіктестік Қазақстандағы корейтану ғылымы дамуының жаңа кезеңі болып танылады. Ал оның көшбасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұрғандығы анық. Алматы қаласындағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Білім беру орталығының директоры Нам Хён У Қиыр Шығыс кафедрасына іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғандығы үшін алғысын білдірді.
www.kaznu.kz